Ұлттық салт-дәстүрлер, тіл мен саз (музыка), әдебиет, жоралғылар ұлттың рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың
даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының
күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар қазақтың рухани
мәдениетінің бір парасы ғана.
Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық
әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.
Мысалы,
жершілдікті алайық . Әрине, туған жердің тарихын білген және оны
мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы
ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Шынайы өмірде әркім жеке
басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға-
ланатын меритократиялық қоғам құрып жатқаны баршаға аян. Бұл жүйе жең
ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-
тегжейлі айтып отыру мақсаты – қазақстандықтар бойындағы жақсы мен
жаманды санамалап, теру емес. Мәселе отандастардың ешқашан бұлжымайтын
екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаған жөн.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру
болмайды.
Екіншісі – әрдайым ілгерілеу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын
өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
-Білімнің салтанат құруы . Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға
ұмтылу – қазақ санасында терең сіңген қасиет. Бұл бағытта тәуелсіздік
жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Яғни, он мыңдаған жасты әлемнің маң-
дайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың
тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған
«Болашақ» бағдар-
ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер
ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс
тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның
айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына
қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.
Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел
өзгермеген. Адамзат бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі
жылдам дәуірге аяқ басты. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл
өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана биіктеуі мүмкін. Осыны бек