Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


білімге  бөлінетін  бюджет  шығыстарының  үлесі



Pdf көрінісі
бет107/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

білімге  бөлінетін  бюджет  шығыстарының  үлесі 
жөнінен  әлемдегі  ең  алдыңғы  қатарлы  елдердің  санатына  қосылған.
 
Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі 
керек.  Жастарға  басымдық  беретін  межелердің  қатарында  білім  әрдайым 
бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі,  құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен 
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.  
-Қазақстанның  революциялық  емес,  эволюциялық  дамуының  құны 
өлшемсіз. 
Казіргі Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 
1917  жылдың  қазан  айындағы  оқиғаға  100  жыл  толады.  Күллі  ХХ  ғасыр 
революциялық  сілкіністерге  толы  болды.  Бұл  осы  аумақтағы  барша  ұлттарға 
мейлінше  әсер  етіп,  бүкіл  болмысын  өзгертті.     Әрбір  жұрт  тарихтан  өзінше 
тағылым  алады,  бұл  –  әркімнің  өз  еркіндегі  шаруа.  Біреуге  өзіңнің 
көзқарасыңды  еріксіз  таңуға  ешқашан  болмайды.  Олай  болса  тарих  туралы 
өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ.  
Өткен  ХХ  ғасыр  қазақ  халқы  үшін  қасіретке  толы,  зобалаң  да  зұлмат 
ғасыр болды.  
Біріншісі
,  ұлттық  дамудың  ықылым  заманнан  жалғасып  келе  жатқан 
өзімізге  ғана  тән  жолы  біржола  күйретіліп,  қоғамдық  құрылымның  бізге  жат 
үлгісі еріксіз таңылды.         
 
Екіншісі
,  қазақ  ұлтына  адам  айтқысыз  демографиялық  соққы  жасалды. 
Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.  
Үшіншісі
, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. 
Төртіншісі
,  еліміздің  көптеген  өңірлері  экологиялық  апат  аймақтарына 
айналды.  Әрине,  тарих  тек  ақтаңдақтардан  тұрмайды.  ХХ  ғасыр  Қазақстанға 
бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік 
инфрақұрылымдардың  құрылуын,  жаңа  зиялылар  қатары  (интеллигенция) 
қалыптасуын  осыған  жатқызуға  болады.  Бұл  кезеңде  елімізде  белгілі  бір 
 жаңғыру  болды.  Бірақ, 
бұл  –  ұлттың  емес,  аумақтың  жаңғыруы  еді
.  Өзін 
бағалайтын  әр  адам  тарихтың  сабағын  айқын  түсінуі  керек.  Революциялар 
дәуірі  әлі  біткен  жоқ.  Тек  оның  формасы  мен   мазмұны  түбегейлі  өзгерді. 
Қазақтың  кешегі  тарихы  бұлтартпас  бір  ақиқатқа  –  эволюциялық  даму  ғана 
ұлттың  өркендеуіне  мүмкіндік  беретініне  көзімізді  жеткізді.  Бұдан  сабақ  ала 
алмағандар,  тағы  да  тарихтың  темір  қақпанына  түседі.  Ендеше,  эволюциялық 
даму  қағидасы  әрбір  қазақстандықтың  жеке  басының  дербес  бағдарына 
айналуға  тиіс.  Бірақ,  қоғамның  эволюциялық  дамуы  қағида  ретінде  мәңгі 
тұмшаланудың  синонимі  емес.     Сол  себепті,  тарихтың  ащы  сабағын  түсініп 


қана  қоймай,  әр  азамат  күнде  көріп  жүрген  қазіргі  құбылыстардан  ой  түйіп, 
 болашақтың  беталысына  қарап,  пайым  жасай  білу  де  айрықша  маңызды. 
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде 
жамылды.  Бірақ,  бәрі  де,  түптеп  келгенде,  қантөгіспен,  экономикалық 
күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.   Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой 
елегінен  өткізіп,  қорытынды  жасау  –  қоғамның  да,  саяси  партиялар  мен 
қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани 
жұмысының бір бөлігі.  

Сананың  ашықтығы
.  Көптеген  проблема  әлемнің  қарқынды  өзгеріп 
жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында 
қалуынан  туындайды.  Бір  қарағанда,  жер  жүзіндегі  миллиардтан  астам  адам 
өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып 
жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет