замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм
санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты.
Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы
тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға
кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз
экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге
айналды. Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы. Әлбетте
жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді жедел қайта түлету қажет.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді
пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу тағдырлы міндет тұр.
Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес.
Достарыңызбен бөлісу: