Біріншісі, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын
жүргізуді, қоршаған табиғатты (экологияны) сақтап жақсарту және елді
мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи
ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан
көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені
тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар
мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған,
есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ
біліп өсуге тиіс;
Екіншісі, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерін ұмытпай, оған
қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым
өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және
шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай,
керісінше, ынталандыру керек;
Үшіншісі, жергілікті билік «
Туған жер»
бағдарламасын жинақылықпен
және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге
болмайды, мұқият ойластырып, халық дұрыс түсінетін дәрежеге көтеру қажет.
Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын
табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды
көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу
орындарына демеушілік жасауға, мұражай мен түрлі қорды байыта түсуге
болады. Тек осылай ғана «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық
патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған
елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады;
Төртіншісі, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған
жер» бағдарламасынан бөлек, халықтың санасына одан да маңыздырақ –
жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруі керек. Ол үшін
Достарыңызбен бөлісу: