жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Оған
қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты
сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке
айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында
қалануы тиіс.
Елдегі әлеуметтік және гуманитарлық білім ұзақ жылдар бойы бір ғана
ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен баға беруге мәжбүр
болған. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-
ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы
үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын даярлау міндеті қойылды.
Бұл – мемлекеттің міндеті. Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз
ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-
оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді
түрде шешуге міндеттелген еді.
Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе,
яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Елбасы
мақаласында
Достарыңызбен бөлісу: