«Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе
«Қазақстанның киелі жерлерінің жағрафиясы» жобасы даярланатын болды. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің
баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы
біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Қазақстан – ұлан-ғайыр
жері мен аса бай рухани тарихы бар ел. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ
аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани жағрафиялық
белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан
үзілмеген. Төл тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің
біртұтас желісін бұрын-соңды толық жасалмаған еді. Мәселе еліміздегі
ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.