Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет35/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Михаил  Горбачев
.  Адамдарды  ұйқыдан  оятып,  хрущевтік-
брежнев-черненкошылдық батпағын астан-кестен еткен де сол. Иә, даңғаза мен 
далаңбайшылдықтың көп болғаны рас. Бірақ халықтың санасы оянып, саясатқа 


араласып, не айтылса да, “құлдық” дейтін құлақкестіліктен тиыла бастағаны да 
сол тұс. Қолында орасан зор билік бола тұра, ол өзгерісті көкседі. Оның саяси, 
тарихи реформашыл шығармашылығы осында. 
Сонымен,  жоғарыда  көрсетілген  КСРО-ның  ыдырауының  басты  саяси 
себебі  –  елдегі  ең  жоғарғы  билік  басындағылардың,  шексіз  билікке  ие  болған 
коммунистік  партия  басшылығындағы  ат  төбеліндей  әміршіл  топтың 
жастарының  ұлғайуына,  денсаулықтарының  нашарлауына  т.б.  факторларға 
байланысты  ел  басқару,  елде  қалыптасқан  өмір  шындығы  мен  сіресіп  қалған 
саяси  жағдайды  объективті  бағалап,  қажетті  шешімдер  қабылдай  білу 
қабілеттерінен  толық  дерлік  айырылулары.  Елдің  басқару  жүйесінде 
жалғандықтың,  екіжүзділіктің,  жеке  басқа  табынушылықтың  төменнен 
жоғарыға  дейін  кең  етек  алуы.  Саяси  басшылықтың  КСРО  сияқты  көпұлтты 
мемлекетте  болмай  қоймайтын  қайшылықтарды  дер  кезінде  шешуде 
қабілетсіздік  танытуы.  Елдің  саяси  өмірінде  түбегейлі  өзгерістер  жүргізудің 
объективті алғышарттарының толық пісіп-жетілуі.  
Сонымен қатар, елде “қайта құру” процесін бастаған М.Горбачевтың көп 
жағдайда  сөзбұйдаға  салынып,  принципті  мәселелерде  табандылық  таныта 
алмауы  т.т.  Ал  осы  кемшіліктерді  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
Н.Назарбаевтың  өз  еңбегінде  КСРО  кезінде  осындай  өзекті  мәселелерді  ашық 
көрсетуі,  М.Горбачевтың  тарих  алдындағы  атқарған  істерін  объективті 
бағалауы,  оның  қолындағы  мәліметтердің  шынайылық  деңгейінің  жоғары 
екендігінің дәлелі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет