Қосшы
одағы ұйымдасып, оның қызметiнде бұқараның
өскен үлесi айқын көрiндi. Оңтүстiкте Қосшы одағын құруда, оның іс жүзіндегі
шараларына С. Асфендияров, С. Атабаев, Т. Рысқұлов, В. Познер, И. Сольц, Ж.
Бәрiбаев, А. Розыбакиев және басқалар көрнектi рөл атқарды.
Сөйтiп, 20-шы жылдардың басындағы аграрлық реформалар ондаған мың
қазақ шаруаларын жермен қамтамасыз еттi, оларды кiрiптарлық тәуелдiлiктен,
жалдамалы
ақысының
ауыртпалықтарынан
құтқарды,
олардың
шаруашылықтарының
бiршама
аяғына
тұруына
себепкер
болды,
отырықшылыққа және егiншiлiкке көшуiне жағдай туғызды. Реформалар қазақ
халқының iс жүзiндегi теңсiздiгiн жоюға маңызды қадам болды.
Сонымен 1921-1922 жылдарда Ресей империясының жер мәселесiндегi
отарлау саясатының зардапты мұраларын жоюға ұмтылған Қазақстан мен
Түркiстандағы аграрлық реформалардың жергiлiктi халық пен қоныс аударған
басқа ұлт өкiлдерi үшiн елеулi маңызы болды. Көшпелi және жартылай көшпелi
ауылдардағы тұрғындардың салықтан босатылып, жеңiлдiктер алуына жол
ашылды. Мұнымен бiрге оларда ұжымдастырудың алғашқы қарапайым түрлерi,
сауда-саттық,
жабдықтау,
қарыз
пайдалану,
кейде
мәдени-ағарту
жұмыстарының басын бiрiктiретiн қарапайым кооперативтендiрудi дамытуға
жол ашты.
Осындай қалың бұқара белсенділік таныта білген Кеңес билік
орындарының ұйымдастыру, саяси-экономикалық шаралары Қазақстанның
ауыл шаруашылығына елеулi өзгерiстер әкелді. Бiрыңғай ауыл шаруашылық
салығы енгiзiлiп, оның жалпы көлемi 100 мың сомға төмендетiлдi. 1925 жылы
46 мың кедей және әл-ауқаты кем шаруашылықтар мал, құрал-сайман алуға,
жер жырту мен егiстікпен айналысуға қарыз алды. 1922-1925 жылдар
аралығында мал басы екi есе көбейiп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардың
нәтижесiнде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесi
бой көрсете бастады.
Тұтас алғанда республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл
шаруашылық кооперациясының жүйесiнде 332,7 мың мүшесi бар 2811
бiрлестiктер жұмыс iстедi, олардың iшiнде 62,6 мың мүшесi бар бiр мың қазақ
бiрлестiктерi де болды. Cонымен қатар қоныс аударып келген шаруалардың
төрттiң бiрiнен артығы (27,1 пайыз) бiрлестiктерге қамтылды.
1922 жылы Кеңестер сайлауы өттi, Олардың құрамына жергiлiктi ұлттың
бiршама өкiлдерi өттi. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық
атқару комитетiнiң сайлауынан кейiн депутаттардың жартысынан астамы
қазақтар болды. Бұқара арасында саяси жұмыс жүргiзу мақсатында Қызыл
керуен және жылжымалы Қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлерi
пайдаланылды. ҚАКСР Орталық Атқару Комитетiнiң тұңғыш Қызыл керуенi
1922 ж. Ә. Жанкельдиннiң басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12
маусымға дейiн керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37
ауылында, сондай-ақ Екiбастұз және Спасскi зауытында болды.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде Кеңестердiң Бүкiлодақтық Бiрiншi
съезiнде Кеңестердiң Социалистiк Республикалар Одағы құрылғанын
жариялады. Осы құжат бойынша Қазақ АКСР-i Кеңестiк Ресей Федерациясы
құрамына кiрдi. Бұл тұста республикада өнеркәсiптi қалпына келтiрiп,
өркендету iсi өрiс алды. Мұнай, тұз өндiру жолға қойылып, жеңiл және тамақ
өнеркәсiп орындары қалыптаса бастады. Петропавл-Көкшетау темiр жолы iске
қосылды. Орынбор-Ташкент және Сiбiр темiр жолдарында жүк айналымы өстi,
Жетiсуда темiр жол салу құрылысы тездетiлдi.
Қазақстанның iрi өнеркәсiбiнде, қатынас саласында, мемлекеттiк ауыл
шаруашылық орындарында 1925 жылы 40 мыңға жуық жұмысшы мен
қызметшi болды. Жалпы жұмысшылардың iшiнде қазақтардың саны артты.
Олардың көбi мұнай өнеркәсiбiнде, кен орындарында-45 пайыз тоқымашылар
iшiнде-30 пайыздан астам болды. Республика өнеркәсiбiндегi жұмысшылардың
жалақысы 1921-1925 жылдарда (салыстырмалы көрсеткiшпен) 1,5 есе өсiп, ал
ауыр өнеркәсiптегi жұмысшылардың жалақысы одан да көп болды. Әлеуметтiк
сақтандыру, тегiн дәрiгерлiк көмек, еңбектi қорғау жөнiнде мемлекеттiк
бақылау жүйелерi құрылды. Риддер, Доссор т.б. қалалар мен өнеркәсiп
орындарында мемлекет есебiнен тұрғын үйлер салына басталды.
1924 жылы сәуiрде Кеңестiк Ресей үкiметi Қазақ АКСР-iнiң көшпелi және
отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық
шығарды. Жерге орналастыруға байланысты шығынды мемлекет өз мойнына
алды. Отырықшыланған шаруаларға салық жөнiнен бiршама жеңiлдiктер
берiлдi.
Орта Азияның Кеңес республикаларын ұлттық - мемлекеттiк жағынан
межелеу республика өмiрiнде елеулi оқиға болды. Оның нәтижесiнде ендi
бұрынғы Жетiсу және Сырдария облыстарының жерлерi Қазақ АКСР-iне
қайтарылды. Cоның нәтижесiнде Республика жерi 700 мың шаршы шақырымға,
ал халық саны-1 млн. 468 724 адамға өстi. Қазақстаннан халқы негiзiнен
орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы бөлiнiп, республиканың
астанасы Ақмешiтке (Қызылорда) көштi. ХХ ғасырдың осы тарихи оқиғасы -
Қазақ жерi мен халқын бiртұтас ұлттық мемлекетке бiрiктiру, ұлтымыз үшiн
зор әлеуметтiк және экономикалық маңызы бар оқиға болды.
1925 жылы сәуiрде Қызылордада республика Кеңестерiнiң V съездi өтіп
онда “Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрыңдар” деген ұран көтерілді,
жерге орналастыру жұмыстарының келелi жоспары, суландыру құрылысын
дамыту, мемлекеттiк және кооперативтiк сауданың рөлiн одан әрi күшейту,
өндiрiстiк серiктестiктердi қолдау, сондай-ақ халықтың байырғы атын мемлекет
атауына қайтару және Республиканы Қазақ АКСР-i деп атау туралы мәселелер
қаралып, қаулы қабылдады. 1925 жылы Кеңестер сайлауында ауылдық
кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды.
Осы жылдары елдің мәдени-әлеуметтік өмірінде елеулі жаңалықтар
болған. 1925 жылы өлкеде 76 клуб, 72 кiтапхана мен қызыл бұрыштар, ауылдар
мен селоларда 584 оқу үйi, 93 болыстық кiтапхана жұмыс iстедi. Егер
республика құрылған кезде үш-ақ газет шықса, ал 1925 жылы “Еңбекшi
Қазақстан”, “Народное хозяйство Казахстана”, “Советская степь”, “Қызыл
Қазақстан” т.б. сияқты 13 газет пен 5 журнал жарық көрдi.
Кәсiподақтардың қатары 100 мың адамнан асты. 1925 жылы тек қаңтар-
қыркүйек айлары аралығында оның қатарына мүше болып 20 мыңға жуық
еңбекшiлер, соның iшiнде 6 мыңнан астам қазақтар қабылданған
.
Осы жылдары
жастар бiрлестiктерi қалыптасып, өзiнiң қатарына 51 мың жiгiттер мен
қыздарды бiрiктiрдi. Жастардың көптеген танымал жетекшiлерi арасында С.
Жақыпов, Қ. Әмiров, С. Нұрпейiсов, Ф. Рузаев, С. Сафарбеков, С. Тәтiбеков, А.
Шымболатов т.б. болды. 1925 жылы Қазақстан жастары өздерiнiң дарынды
басшыларының бiрi Ғани Мұратбаевтан айрылды. Зор қабiлеттi, ғажайып күш-
жiгерi мен еңбегi арқасында ол Түркiстан республикасының, ал кейiннен бүкiл
елiмiздiң жастар ұйымында басшы қызметте болды. 1921 жылы қыркүйектен
бастап Ғ. Мұратбаев Түркiстан Комсомолы Орталық Комитетiнiң хатшысы, ал
1922 жылғы мамырдан бастап РКЖО Орта Азия бюросының хатшысы болды.
Қазақ әйелдерi қоғамдық-саяси жұмысқа белсене тартылды. 1925 жылы
қала мен ауылдағы еңбекшi әйелдердiң 6,6 мыңы жергiлiктi кеңестерге мүше
болып сайланды. Қазақ әйелдерiн басыбайлықтан құтқаруға бағытталған iстер
атқарылды. Республикадағы әйелдер қозғалысына Алма Оразбаева, Сара Есова
т.б. ұйытқы болды.
Шаруашылық салаларын қалпына келтiрудi бiршама деңгейге
жеткiзгеннен кейiн, билеушi партия мен үкiмет орындары экономиканы жаңа
жолмен құрып, оның iргетасын қалау бағдарламасын қабылдады. Бұл
бағдарламалық мiндеттi орындаудағы шешушi буын елдi индустрияландыру
немесе бiрiншi кезекте барынша шапшаң қарқынмен ауыр өндiрiстiң негiзiн
жасау болатын.
Бұл бағдарламаны орындаудың өзiне тән ерекше әдiсi - iрi өнеркәсiптi
қалыптастыру үшiн қаржыны ел iшiнен табу керек едi. ¤ндiрiс құрал-
жабдықтарын ұлттандыру (национализациялау), меншiктi иемденушiлердiң
тұтынуын жою, еңбек өнiмдiлiгiн үздiксiз арттыру, iшкi және сыртқы саудадан
түскен кiрiстi үнемдеп, экономика салаларын жоспарлы түрде дамыту,
мемлекеттiк заемдар арқылы халықтың жинақ қорын мемлекеттiк экономика
құрылысына тарту, қатаң үнем тәртiбi - индустрияландыру үшiн пайдаланылған
қорлардың негiзгi көздерi осындай болды. Жалпы елдi индустрияландыру әдiсi
туралы саяси басшылар арасында үлкен пiкiрталас туды, ал оның
қорытындысында
елде
И.Сталиннiң
тоталитарлық
билік
ұстанымы
(концепциясы) басым болып, нығая түскен.
Қазақстандағы күрделi қоғамдық-саяси жағдай 20-шы және 30-шы
жылдар басында республиканың болашағы, әсiресе оны индустрияландырудың,
ұлттық жұмысшы кадрларын қалыптастырудың жолдары жөнiндегi
мәселелердiң төңiрегiнде өткiр пiкiрталастық күрес туғызды. Негiзгi күрес екi
көзқарастың арасында өрiстедi. Ф.И.Голощекин Қазақстан елдiң өнеркәсiбi
дамыған өңiрлерi үшiн шикiзат базасы болуға тиiс деген пiкiрдi жақтады. Саяси
қайраткер
С.Сәдуақасов
оған
карсы
шығып,
индустрияландыруды
республиканың экономикалық мүмкiндiктерiн, табиғи және адам қорларын
ескере отырып, ол үшiн барынша пайдалы тұрғыдан жүргiзу қажет деген
пiкiрде болды. Ол шет аймақтарды жедел қарқынмен индустрияландыруды
ұсынды. Өнеркәсiптiң сан-салаларын республикада жан-жақты үйлесiмдi
дамытуға керектi шикiзат пен басқа да алғы шарттар бар және милли ондаған
кедей шаруалары оған жұмысшы күшi бола алады дедi. Сәдуақасов алып
өнеркәсiп орындарына Кеңес елiнiң басқа аудандарынан “қолы бос”
жұмысшыларды жаппай көшiрiп әкелуге қарсы болған.
Индустрияландыру басталған кезде елiмiздегi көмiрдiң, мұнайдың, түстi
металдардың және басқа қазба байлықтардың аумақты кенiштерi жаңа зерттеле
бастаған болатын. Сондықтан жаңа өнеркәсiптiк және жол қатынасының
құрылыстары көбiнесе тиiстi даярлықсыз жүргiзiлдi. Мәселен, баршағ аян
даңқты Түрксiб Қазан (1917 ж.) оқиғаларына дейiнгi жобалар бойынша
жүргiзiлiп, құрылыс жұмыстарының барысында жолдың оңтүстiк бөлiгiндегi
Қордай және Шоқпар, ал солтүстiк бөлiгiндегi Балқаш және Лепсi жоспарларын
жақтаушылар арасында шиеленiстi пiкiралыс өршiдi. Осындай айтыстардың
әрқайсысында тиiмдi жобаларға бiраз уақыт пен көп қаржы кеттi. Жаңа
құрылыстар жүрiп жатқан жерлерде маман жұмысшы күшi, құрылыс
материалдары, техника мен техника құралдары, сондай-ақ ақша қаражаттары
және т.б. тапшы болды.
1926-1940 жж. елiмiздiң индустриялық дамуындағы қалыптасқан
әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, халықтың демографиялық сипатына,
сондай-ақ республиканың табиғи байлықтарына және т.б. байланысты өзiнiң
ерекшелiктерi болды. Осыған қарамай әрбiр республика өзiнiң нақты
жағдайына байланысты ауыр өнеркәсiптi баса дамытқан бүкiлодақтық
индустрияландыру барысына, әсiресе машина жасау өнеркәсiбiне өз үлестерiн
қосты.
Қазақстанның табиғи қойнауындағы құнды минералдық элементтердің
жүзге жуық түрлері мен олардың мол қорының болуы өнеркәсіптің тау-кен
саласын, әсiресе, оның кен шығару, мұнай, көмiр, түстi металлургия өндірісінің
дамуына негiз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесiн,
оның өнеркәсiбiнiң шикiзаттық бағытын ұзақ уақытқа белгiлеп бердi. Риддер
полиметалл, Қарсақпай мыс комбинаттары, Ертiс мыс қорыту зауыты және
басқа қайта құрылған кәсiпорындар жергiлiктi жер қорларының базасында
жұмыс iстедi. Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту және Ащысай
полиметалл комбинаттары салынды. Текелi полиметалл және Жезқазған мыс
қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыты ж.б. алыптардың
құрылысы жүрiп жатты Мұның көпшiлiгi кейiн тек республикадағы ғана емес,
КСРО-дағы түрлi-түстi металлургияның ең iрi кәсiпорындары есебiнде болды.
Көмiр өнеркәсiбiнiң даму қарқыны өстi, 1940 жылы оның 90 пайызы
Қарағанды аймағында болды, ол Донбасс пен Кузбасстан кейiнгi елдiң үшiншi
отын қорына айналды. Қазақстан мұнай шығару жөнiнде үшiншi орынға (Ресей
мен Әзербайжаннан кейiнгi) шықты. Химия өнеркәсiбi дамып әсiресе
оңтүстiктегi Шымкент химфарм зауыты қайта құрылды. 1931 жылы Ақтөбе
химкомбинаты қатарға қосылып, ол фосфор тыңайтқыштарын шығара бастады.
Аралсульфат бiрлестiгi жұмыс iстедi, Қаратау фосфорит кенiшiн игеруге
даярлық жасала бастады. Осы жылдары ауыр индустрияның құрамдас және
шешушi бөлiгi - негiзi қалыптаса бастады. Iрi өнеркәсiп орындарының
салынуына байланысты Қарағанды ОЭС-i, Ульба СЭС-i, Балқаш мыс балқыту
комбинатының,
Ақтөбе
химкомбинатының,
Ащысай
полиметалл
комбинатының және т.б. жылу электр станциялары салынды. Осыған
байланысты электр қуатын өндiру республикада 1913 ж. салыстарғанда 486 есе
өстi.
Елiмiздi индустрияландырудың тағы бiр ерекшелiгi түстi металлургия,
мұнай және басқада негiзгi тау-кен салаларымен бiрге ауыр өнеркәсiптiң және
темiр жол қатынасының бiрiншi сатыда дамуы болды. 1928-1940 жж.
Қазақстанның темiр жол желiсi 50 пайызға өстi. Осы жылдары Түркiстан-Сiбiр
арасында темiр жол байланысы орнап, ол Орталық Қазақстанның табиғи
байлықтарын игеруде үлкен рөл атқарды. Рубцовск-Риддер тармағы Шығыс
Қазақстанның түстi металлургия саласын дамытуға елеулi үлес қосты. Орал-
Елек тармағы Қазақстанды оңтүстiк Орал және Ресейдiң басқа өнеркәсiбi
дамыған аудандарымен байланыстырды.
Қазақстан индустриясының жоғарғы қарқынмен дамуы Кеңес Одағының
өнеркәсiбi дамыған басқа республикаларының жан-жақты көмегiнiң арқасында
мүмкiн болды. Бұл көмек барынша кеңiнен және сан-алуан түрде жүргiзiлдi.
Бiрақ Қазақстанның индустриялық дамуындағы қол жеткен ауқымды
табыстармен қатар бұл аумақты iсте елеулi ағаттықтар мен кемшiлiктер де
орын алды. Олардың негiзгiсi республика өнеркәсiбi шикiзатты игеру жағынан
баса дамытылғандығы болатын.
Республика индустриясының құрамында машина жасау, мұнайды, газды,
түстi металдарды өңдейтiн, әсiресе машина жасау жетекшi салалары (станок,
өлшегiш және болжамдаушы техника, автомобиль, трактор), ауыл өндiрiсiне
қажеттi машиналарын жасайтын кәсiпорындар жүйесi сол кезден назардан тыс
қалған. Жеңiл өнеркәсiп және тұтыну заттарын шығаратын салаларды
қалыптастырып дамыту iсi де түсінбестік жәйтте билеуші орындардың
назарынан тыс қала берген. Бұрынғы кеңестік замандағы зерттеулер мен жарық
көрген әдебиетте бұл өзекті мәселені КСРО мемлекеті біртұтас және жоспарлы
экономика деген тұжырыммен түсіндіреді.
Сайып келгенде, елiмiздiң ХХ ғ. 20-40-шы жылдардағы индустриялық
дамуы одан бұрын қазақ тарихында кездеспеген экономикалық және әлеуметтiк
жаңалықтарға толы болды. Олардың қатарына ең алдымен оның аграрлы елден
индустриялы-аграрлы елге айналуын, қалалардың өсуiн және республика
халқының құрамында қала халқы үлес салмағының көбеюiн, жұмысшы
табының, әсiресе ұлт кадрларының қалыптасуын, инженер-техникалық
интеллигенцияның дайындалуын, сондай-ақ халықтың құрамындағы басқа да
әлеуметтiк-демографиялық өзгерiстердi жатқызуға болады. Өнеркәсiп өнiмiнiң
халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан асты. Сол жылдары бұл
саланы дамытуға аса көп көлемдегі күрделi қаржы жұмсалған.
Дегенмен, елiмiздiң ауыр өнеркәсiбiн қалыптастыру ешбiр кемшiлiксiз
және қайшылықсыз болған екен деген қорытынды жасауға болмайды. Негiзiнде
елдi экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игi мақсатпен
басталған бұл жұмыс әкiмшiл-әмiршiл, бұлтартпайтын әдiстермен жүргiзiлдi.
Асығып-аптығудың нәтижесiнде жаңа өндiрiс орындарын салу, өнiм өндiру
жөнiнде үстемелеген тапсырмалар берiлiп, сондай-ақ оларды бұлжытпай
орындау талап етiлдi. Көптеген жаңа құрылыстар қудаланған адамдардың қол
күшiмен көтерiлiп және ондай жұмысшылар, орта және жоғары буындағы
мамандардың қатары үнемi толықтырып отырды.
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығы шаруалардың иығына түсті.
Олар салық төлеу, заемға жазылу, қолда бар қаржыларын, бағалы бұйымдарын
индустрияландыру қорына өткiзу арқылы өнеркәсiптiң дамуына барша
мүмкiндiгiнше атсалысты. Шаруалар астық, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң
басым көпшiлiгiн мемлекетке өткiзу арқылы индустрияландыру iсiн толық
қолдады. Бұл саясатқа қарсы шыққандар ұсталып, айдалып және туған жерiнен
алыстатылып отырды. Мұндай қуғындалғандардың негiзгi бөлiгi ауқатты
шаруалар болатын. 1927-1928 жылы ауқатты кулак шаруашылықтары шаруалар
қожалықтарына есептелген ауыл шаруашылығының салығының бүкiл
мөлшерiнiң 33 пайызын өтеген, ал мал өсiретiн 0,6 процент iрi шаруашылықтар
мал өсiретiн аудандар бойынша есептелген салықтық бүкiл сомасының төрттен
бiр бөлiгiн өтеген. Келесi 1928/29 жылы салық төлеу 1927-1928 жылмен
салыстырғанда салық ауыртпалығы 98,8 пайызға арқан. Билік тарпынан
күштеудiң бұндай әдiстерi көптеген шаруалардың наразылығын туғызды.
Кеңес дәуiрi мен дүниежүзiлiк зерттеушiлерiнiң ғылыми еңбектердiң
көбiнде
Еуразия
аймағындағы
индустрияландыру
саясаты
олардың
экономикасын артта қалушылықтан шығарды деген қорытынды анық
жазылған. Ал осы елдердiң еңбекшiлерi еселенген күш-жiгермен еңбек еттi.
Өндiрiстегi және еңбектегi белсендiлiк бұрын-соңды болып көрмеген жоғары
дәрежедеге өрбіп, индустрияландыру iсiнiң табыстарына жетуде қалтқы болды
деуге болады.
Қазақ елiнiң төл тарихында шаруалар арасындағы құбылыстар ерекше
орын алады. Cондықтан елдегi индустрияландыру саясатымен қатар
шаруаларды ұжымдастыру саясаты қатар жүргiзiлдi. Әрине оның ел жағдайына,
саяси құбылыстарға, экономика даму дәрежесiне орай өзiнше ерекшелiктерi
болды. Бұл саясаттың iске асырылуына шаруалардың тiлегi мен ықыласы себеп
болған жоқ, ол билеушi саяси орындардың шешiм -қарарлары мен әмiр-
нұсқаулар негiзiнде жүргiзiлдi.
Кооперация индустрияландыру iсiмен өзара байланысты қаралды.
Кеңестік билік пен билеуші партияның қоғамдағы реформасы жаңа
экономикалық саясаттың концепциясындағы бiр жәйт, индустрияландыру да,
кооперация да өзiндiк мәнi бар мақсат деп қаралып қана қоймай, халықтың
материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесiн арттыруға жеткiзетiн мүмкiндiк
ретiнде қаралады, мұның өзi жаңа қоғам құрылысының шешушi негiзi деп
түсiнiлдi.
Бiрақта 20-шы жылдардың аяқ кезiнде жаңа экономикалық ойлау
шеңберiнде қалыптасқан шынайы бағыт түбiрiнен өзгередi. Индустрияландыру
қам-қарекетiн қамтамасыз ететiн қорды жинауды шаруалар қауымын тiкелей
және жанамалап экспроприяциялау есебiнен жүргiзу көзделген болатын. Бiрақ
бұл мемлекет өндiрiс құралын тотальдi түрде озбырлықпен ауыздықтап алған
кезде ғана жүзеге асар едi, мұны шаруалардың аса қуатты қарсылығын
тудырған астық дайындаудың күшпен жүргiзiлген әдiсi айқын көрсеттi. Ал бұл
мақсат
мемлекеттiндiрiлген
колхоз
жүйесiн
жасау
арқылы
яғни
ұжымдастыруды жаппай өткiзу арқылы iске асырылды, мұның өзi өнiм
өндiрушiлердi өндiрiс құралынан да, өндiрiстiң өзi мен өнiмдi бөлуден де толық
шеттету деген сөз едi.
Сөйтiп 20-30-шы жылдардағы жаңа экономикалық саясаттың жан-жақты
тұйықталып, оның орнын экономика мен саяси-қоғамдық өмiрде тек “күштеу”
шараларының рухы үстемдiк етуi ауыл өмiрiне қасыреттi зардабын тигiздi.
Аграрлық саясаттың ең басты шарты - әмiршiл-әкiмшiл ықпал немесе күшке
негiзделген экономикалық заңдылықтарға қайшы мемлекеттiк жарлықтар және
шаруалар қауымын ұжымдастыру идеясын дұрыс түсiндiрмеуіне, оның
пайдалы жақтарында құртып жiбередi. “Ұлы бетбұрыс” ауылдағы
құрылымдарды қатығез-қаталдықпен аяусыз қиратумен қатар қоғамды
тығырыққа тiрейтiн бағытқа әкеле жатты.
Еуразиядағы ең iрi елдiң ХХ ғ. тарихындағы аса маңызды саяси,
әлеуметтiк-экономикалық оқиға - оның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
болды. Билеушi партия және мемлекеттiк басқару орындарының қаулы-
қарарлары шарты бойынша Қазақстанда ұжымдастыруды негiзiнен 1933 ж.
көктемiнде (көшпелi және жартылай көшпелi аудандардан басқасы) аяқтауға
тиiстi аймақтық топқа жатқызылды. Яғни, ақиқат аясында бағалайтын болсақ
осынау тым қысқа мерзiмнiң өзi қайткен күнде де “секiрiп өтiлуге тиiс” кедергi
болып көрiнедi. Бұл тұжырымның негiзiнде ұжымдастырудың аяғы дереу қоғам
ағзасының пайыз қуалаушылық дертiне шалдықтырып, жазылмайтын бiр
ауруға саяси-әлеуметтік сырқатқа апарып ұрындырды. Жер-жерден
ұжымдастыру “жоспарын” орындаудағы қолдан жасалған ақпар жеңiске
жеткенi туралы бiр-бiрiмен жарысқа түскен хабарлар үгiт-насихат құралдары
арқылы “колхоз майданынан” күн сайын жария болып, тiптi өзге жаңалықтарды
басып үлгiре алмайтындай күйге түстi.
Ұжымдастыру саясатын орындаудағы тағы бiр жалпы адамгершiлiкке,
оның ізгілендіруші рухына қайшы көрiнiс - зорлық-зомбылық, жойқын күштiң
басым болуы. Жергiлiктi орындарға жеткiзiлген нұсқауларда жойылуға тиiстi
меншiгi мол немесе орта деңгейдегi шаңырақтар күллi шаруашылықтың жалпы
санының 3-5 пайызынан аспауы керек деген ұсыныс ерекше ескертiлдi.
Ұжымдастыруда да әмiршiл-әкiмшiл жүйенiң жоғарыдан жiберген жарлықтары
ешбiр ойланып-толғануынсыз-ақ, қолма-қол екпiндi қарқынмен орындалып
отырған. Сол себептi де тәркiге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы
көрсеткiшке “жеткiзiледi”.
Шаруаларды ұжымдастыру желiсiмен билеушi сатылардың атқамiнерлерi
жазықсыз мыңдаған ары таза, жаңа үкiметке ниетi дұрыс адамдарды түрлi
әбiгерге салды. Мысалы, тек 1930-1931 жж. елден тыс жерге бай-кулак деп
“жер аударылып” жiберiлген шаруалар саны 6,8 мың адамға жеттi және ондаған
мың адамдар ғасырлар бойы отырған ата қоныстарынан басқа жаққа күштеп
көшiрiлдi. Тағы бiр ерекше жәйт - елiмiздiң өңiрi Кеңес одағының түпкiр-
түпкiрiнен зорлап көшiрiлген халықтар үшiн “ауып келетiн” жерi деген атаққа
ие болды. Осы жылдары Қазақстанға 46,1 мың отбасы, яғни 180 015 адам ауып
келiп қоныстанды.
Тәркiлеу идеологиясы шаруаларға келгенде кең көлемдегi қуғын-сүргін
шараға айналып кетедi. “Мемлекеттiк кәсiпорындарының, колхоздар мен
кооперацияның мүлiктерiн сақтау және қоғамдық (социалистiк) меншiктi
тәркілеу туралы” Заң (7 тамыз 1932 ж.) бойынша айыпты деп танылғандар ату
жазасына, ал “жұмсарту жағдайлары” бола қалған күнде 10 жылға
тұтқындалып, оның мал-мүлкi тәркiлендi. Осы адам құқына, елдегi
конституцияға қайшы шара iске асырылған алғашқы жылдың өзiнде-ақ,
Қазақстанда 33,4 мың адам абақтыға салынды.
Бес жыл iшiнде (1929-1933 жж.) Қаз.АКСР Бiрiккен Бас саяси Басқармасы
өкiлеттi өкiлдiгiнiң үштiгiмен толық емес мәлiметтерге қарағанда, 9805 iс
қаралды да, 22933 адам жөнiнде шешiм қабылданды, олардың iшiнен 3386 адам
атылуға, тұтқын лагерiнде 3 жылдан 10 жылға дейiн қамалуға 13,2 мың адам
кесiлдi. Күштеп ұжымдастырудың апатты зардаптары көшпелi және жартылай
көшпелi шаруашылықтарды жоспарлы түрде отырықшы етуi барысында
жасалған әкiмдердiң зорлық-зомбылығы салдарынан мүлде асқынып кеттi.
Отырықшыландыру идеологиясы шаруашылық түрлерiн толық өзгерту
шарасымен тығыз байланысты болды, ал қазақ шаруалары қауымының iлгерi
басу жолын олар тек мал өсiрумен айналысатын шаруаларды егiншiлiкке
немесе тұрақты мал өсiру шаруашылығына бiрте-бiрте айналдыру iсiнен көрдi.
Жеке малды қоғамдастыру нәтижесiнде колхоз буындары құрылды, ал
онда малға дұрыс күтiм де болмады. Кейбiр жерлерде алып коммуналар
құрылып, олар өте көп шаруашылықтарды бiрiктiрдi. Бұндай iс-әрекеттер
барысында ұжымға жиналған қисапсыз мал күтiмiнiң төмендеуiне, дұрыс жем-
шөппен қамтылмаған малдардың қырылуына әкелiп соқтырды. Қолхозға
кiрмеген жеке шаруашылықтар да мал күтуге ықыласты болған жоқ. Осының
бәрi 1928-1932 жж. елдегi мал санының орасан зор шығынына әкелдi.
Қазақстанның осы жылдарда одақ бойынша тауарлы астық өндiрудегi үлес
салмағы үш есе кемiдi. Мұның өзi халық арасындағы бiршама толқуларға
апарды. 1929-1931 жылдарда 372 шаруалардың қарсылық көтерiлiсi болып,
оған 80 мыңдай адам қатысқан. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз,
Оймауыт, Баршақұм, Сағыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Балқаш,
Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегi щаруалар көтерiлiсi аяусыз басылып, 6
мыңға жуық адам қылмыстық iске тартылды.
Қазақ елiнiң экономикасының құлдырап төмендеуi 1932-1933
жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келедi. Осындай елдi арылмас қайғылы
жағдайға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың
рақымсыздығынан екi жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып,
Қазақ елi орны толмас қайғыға ұшырады. Соңғы жылдардың нақтылы
мәлiметтері бойынша 2,2 млн. адам яғни, қазақтардың жартысына жуығы опат
болған.
Оның үстiне өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып Ф.И.
Голощекиннiң келуi “жығылғанға жұдырықпен” бiрдей болды. Билеушi саяси
ұйымның жетекшiсi, әкiмшiл-әмiршiл басқару жүйесiнiң жарқын бейнесi
ретiнде небiр сұмдық амал-айла, зымияндық әдiс қолданып, қазақ арасынан
рухани бой көтерген зиялыларын өзара қақтығыстырып, “халық жауы” деген
жала жауып, мыңдаған қазақ азаматының түбiне жеттi. Олардың iшiнде
А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Халел
және Жанша Досмухамбетовтар, М.Тынышпаев, К.Кемеңгеров сияқты т.б.
ұлттың бетке ұстар саңлақтары бар болатын. Голощекиннiң тiкелей
басшылығымен 1929-1931 жылдарда 193 “революцияға қарсы ұйымдардың
қызметi” ашылып, олардың мүшесi болды деген жаламен, он мыңға жуық қазақ
интеллигенциясы мен басқа ұлт өкiлдерi қамауға алынды.
Осындай озбырлы, халық бостандығы мен құқына қарсы саясат қалың
бұқара арасында қарсылық пен наразылық туғызды. Ресми деректер бойынша
Қазақстанның сол кездегi 12 округтерiнiң және 1 облысының (Қарақалпақ
автономиялық облысы) 7 округi мен 1 облысында халықтың бас көтерулерi
болған. Оны Қазақстан ПП ОГПУ-ның осы мәселеге байланысты қорытынды
мәлiметтерiнен де анық көремiз. Мысалы, 1929 жылы өкiмет өкiлдерiне және
кеңес, партия белсендiлерiне қарсы қарулы 143 әрекет, 54 бандалық бас
көтерулер, 17 колхоздар мен совхоздар мүлiктерiн өртеу болса; ал 1930 жылы -
ондай әрекеттер түрi бойынша 139, 241, 42 болған; 1931 жылы - ретiмен 178,77,
68-ге теңелген.
Адай көтерiлiсi. Бұл көтерiлiстiң орталығы Маңғыстау ауданы болды. Бұл
аймақтардағы көшпелi шаруалар әлi кеңес органдары туралы толық мағұлматы
жоқ олардың не үшiн күресiп, нендей мiндеттердi жүзеге асыру үшiн әрекет
ететiнiн толық та ұғып үлгермеген болатын.
Жалпы алғанда көшпелi қазақ қоғамының, соның iшiнде Адай даласының
рулық қатынастарға негiзделген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiнiң бәрi мұнда
қылмыс ретiнде бағаланған. 1929 жылы жаппай ұжымдастырудың нәтижесiнде
адайлардың Түркiмен және өзге елдерге жаппай, амалсыз көшулерi де Кеңес
үкiметiне қарсы қастандық ретiнде терiс бағаланған. Нақты фактiлердi
бұрмалап, “зиянкестiк” және “контрреволюциялық” әрекет деп таныған ОГПУ-
дың көпiрме өтiрiк құжаттары арқылы көптеген азаматтар жазықсыз
сергелдеңге салынып, жазаға тартылды. ОГПУ өздерi ойлап шығарған
контрреволюциялық ұйымды басшылықсыз қалдыруға болмайтынын түсiнiп
оның идеологиялық-ұйымдастырушылық жетекшiсi ретiнде өздерi “Адай ханы”
деп ат берген Алланиязов Тобаниязды атап көрсеттi. Осыған байланысты бұл
мәселемен ұсталғандар кейде “Алланиязов iсiмен” айыпталғандар деп аталады.
Маңғыстауда Кеңес өкiметi әлдеқашан орнаса да, мұнда ұзақ жылдардан
берi ревком төтенше басқару органы болып келдi. Онсыз да қатал тәртiптен
қажалып бiткен халық, “ауылды кеңестендiруге” күдiктене қарады. Оның
үстiне ревкомдар жоғарыдағы алғашқы 1930 жылы болған кеңестерге сайлау
кезiнде халықты қараңғы тобырға балап, ойларына келгендерiн iстеп бақты.
Сайлауға дауыс беру құқынан орта шаруалардың қалың бұқарасы ғана емес,
кедейлер де айрылған жағдайлар кездестi. Ал байлардың кейбiрi керiсiнше
сайлауға дауыс беру құқын еркiн пайдаланды. Осындай көңiлге қаяу түсiрер
жайсыз да көңiлсiз көрiнiстер, жоғарыдағылар аз болғандай, сайлау
комиссияларының келiсiмiсiз-ақ жүгенсiздiкпен орын алумен болды.
Ұжымдастыруды бастамас бұрын, қай әлеуметтiк тап өкiлдерiн
ұжымдастыру қажет екенiн дәлме-дәл бiлiп алу керек едi. Кедей кiм? Орташа
қайсы? Бай қайда? Бәрiнен бұрын мiне осы сұрақтарға жауап беру керек едi.
Басқаны былай қойғанда ұжымдастырудың алғашқы жылдарында бұларға ел
билеушiлердiң өздерi де нақты жауап бере алмады. Маңғыстаудың ұшы-
қиырсыз кең сахара даласын сенделе кезiп мемлекетке мал даярлау, ет тапсыру
жоспарларын шаруалардан табанды түрде талап еткен, шолақ белсендiлер,
“атып кетемiн” деп шошындырған уәкiлдер жергiлiктi жерлерде бай мен
кедейдi ажырата алмай басы қатты. Уәкiлдердiң жергiлiктi жерлерде
ұйымдастырған “социалистiк жарыстары” да халықтың ашу-ызасын туғызды.
Көшiп кетсек, қашып кетсек “әлi жеткеннiң талауынан құтылармыз”,- деп
үмiттенгендер де аз болмады. Сондықтан да 1931 жылдың көктемiнен бастап
Қарақалпақ пен Түрiкпен, тiптен Кавказ жерiне босқан адайлар мен табындар
легi үдей түстi.
7700 шаруалар қожалықтарынан тұратын Маңғыстау ауданы 1931 жылы
шiлдеде шамамен мынадай топтарға бөлiндi: халықтың 30 паызы бейбiт
жағдайда еңбек етiп жатты, ал 60 пайызы көтерiлiсшiлермен бiрге болды,
сондай-ақ 10 пайызға жуығы кiмдердiң жағына шығарларын бiлмей тоқырады.
Сонымен қатар, бiр-екi ауыл болмаса, Табын ауданындағы халық түгелдей
дерлiк көтерiлiсшiлерге қосылды. Олармен сондай-ақ Жылықос /кәзір Жылыой-
авт./ ауданының 11 әкiмшiлiк ауылдары және Доссор ауданының екi ауылының
кейбiр азаматтары көтерiлiп, қолға түскен нәрсемен қаруланып, көтерiлiсшiлер
қатарын толықтырды. Адай даласына самсаған әскер түсiрiп жатқанын көрген
көтерiлiсшiлер кәсiпшiлiктерге, кооператив ұяларына, дайындау пункттерiне
әдiлетсiз өкiмет ошақтары деп қарап, жиi-жиi оларды талқандауға, өртеп кетуге
ашық көштi.
1937 жыл қазақ елiнде қаралы жылдардың бiрi болатын. Бұл кезде саяси-
әлеуметтiк жағдай шиеленiсiп халқымыздың бетке ұстар азаматтары қудалана
бастады. “Халық жауы” деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, О.Исаев,
Ұ.Құлымбетов,
С.Меңдешев,
Н.Нұрмақов,
Т.Рысқұлов,
С.Қосжанов,
О.Жандосов, С.Есқараев, Т.Жүргенов ақын-жазушылардан С.Сейфуллин,
Б.Майлин, I.Жансүгiров, Ғ.Тоқжанов, А.Қоңыратбаев тағы басқа ғылым мен
мәдениеттiң, өнердiң көптеген өкiлдерi ұсталды. Cол жылы қазақ елi бойынша
105 мың адамға НКВД тарапынан тергеу болып, оның 22 мыңы ату жазасына
кесiлдi. Тiптi бұлардың отбасындағы әйел, балаларына дейiн қудаланып, олар
да туған жерiнен көшiрiлдi. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының жүрегiне
жазылмас жара салды, келешек ұрпақтарды қайғыға тұндырды.
1937 жыл бүкiл Кеңес одағының халқы, оның iшiнде қазақстандықтар
үшiн қайғылы-қасыреттi кезең есебiнде тарих бетiне жазылды. Тiптi
тоталитарлық жүйенiң қыспағы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейiн жанұяда
мемлекеттiк орындар тарапынан үрей мен қорқыныш сезiм туғызып келдi. Осы
кездегi оқиғалар шамамен 70-шi жылдарда ел аузындағы жеңiл-әзiл әңгiмеде
(анекдотқа) айналып кеткен. Ауылдағы егде тартқан пысықтау бiр қазақты
ұстап, НКВД-ға әкелiп тұрса, оның бастығы - бұл не iстеп едi? - деп сұрайды.
Сонда белсендi болып көзге түскiсi келiп жүрген милиция қызметкерi:- Бұл
ештеңе жасап үлгерген жоқ, бiрақ жау екенiн бiлiп тұрмын,- деген екен.
Осындай бір әзіл-әңгіме, бірақ аржағында шындық бар екенін сол заманғы
нақтылы оқиғалар анықтайды. Бір қазақ мал бақташысы таңертең сиырларды
өріске шығарып бара жатқанда жол жүрмей қашқақтаған сиырға: ”Әк, иттің
малы” деген екен. Кешкісін ауылға келгенде оны ұстап: “Бағып жүрген малың
кімдікі? Қоғамның малы. Қоғамды басқарып отырған кім. И.Сталин. Онда сен
көсемді итке теңедің”- деп соттап жіберген. Ал осы заманда “сақ құлақтық” рөл
атқарған өз ағайындарымыз ел белсенділерінің болғанына қайран қаласын.
Заман солай болды ғой деп сол кездің куәгерлері күрсінеді де қояды. “Елдегi
белсендiлер” бұл сияқты озбырлықты бұдан да қатыгезiрек жүргiзген жоқ па ?
Қуғын-сүргiн жылдары Кеңес Одағында 40 млн. адам қудаланған.
Олардың 3,8, млн. сотталып, 642980 атылған, ал Қазақстанда олар 103 мың
құрап 25 мыңы құрбан болған. 1992 жылғы жарияланған құжаттар бойынша
Қазақ елi тарихындағы зобалаң қуғын-сүргiн заманын төрт кезеңге бөлуге
болады. Бiрiншi кезең 1918-1924 жылдар арасындағы азамат қарсыластығы,
1922-1923
жылдардағы
аштық,
жаппай
кеңестендiру
және
қазақ
интеллигенциясының құдалану нәтижесiнде 800 мыңға жуық адам қаза болды.
Екiншi кезең 1925-1933 жылдар Ф.И.Голощекиннiң “қызыл қырғын” - “Кiшкене
Қазан” заманына келедi. Бұл кезде байлар тәркiленiп, жат жерлерге көштi;
күштеп отырықшыландыру, ұжымдастыру саясатын батыл жүргiзу нәтижесiнде
мал басы азайды. Осылардың зардабынан қазақ жамағаты қырылды, басқа
елдерге, қаша қоныс аударды, 21,2 мың таңдаулы ел азаматтары партиядан
шығарылып, айдалды, атылды.
Осы кезеңде Н.Ежов бүкiл қазақ кадрлары, қазақ коммунистерi
ұлтшылдық ауруымен дiмқастанды, оларды сауықтыру бағытын темiрдей
ширақ жүргiзу керек деген ұран тастады. 1935-1939 жылдарды қамтитын
үшiншi кезеңде Қазақстан бойынша 25 мыңнан аса адам қуғын-сүргiнге
ұшырады, атылды, қудаланды. Төртiншi кезең 1940-1953 жылдарды қамтиды.
Тек қана Актобе облысы бойынша 30-50 жылдары 7000-ға тарта адам қуғын-
сүргiнге ұшыраған. Шалқар, Ырғыз, Байғанин аудандары революцияға
қарсылар, ұлтшылдық, панисламистiк, пантюркистiк қозғалыс ұйымдарының
орталықтары деп табылды. Сондықтан да осы аймақтардан ұсталғандарының
басым көпшiлiгi ату жазасына кесiлген.
Мысалы, Гурьев (Атырау) облысының Сағыз елді мекен тұрғындары
Ақишан Абдоллаұлы мен Молдаш Әшiрұлы және бiр топ ешқандай жазығы
жоқ адамдар Кеңес мемлекетiнiң қылмыстық iстер кодексiнiң 58-бабы бойынша
(мемлекетке қарсы насихат) 10 жылға сотталып, оны түгелдей өтегеннен кейiн
Орынбор облысының Орск қаласына он жылға қайтадан жер аударылған.
Олардың “айыбы” - бiрiншiсiнiң казіргі Сағыз станасасының күншығыс
бағытындағы 18 шақырымда Шибұлақ деген жерде көшпендiлердiң балаларын
оқыту үшiн патша заманында мешiтті басқарған Абдолла баласы болғандығы,
ал екiншiсiнiң кезінде сол мешiттің шәкірті болып дәріс алуы. Мұндай
жазықсыз жапа шегiп, қасырет тартқандар туралы мысалдар елiмiздiң әр
аймағында көптеп кездеседi.
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi. Қазан
революциясынан кейiн билеушi партия мен жаңа үкiмет құрылымдары
халықтың мәдениетiн дамытып жетiлдiру бағытында түбегейлi өзгерiстерге
толы бағдарламаларды талқыға салып оны жүзеге асыру үшiн нақтылы шаралар
қабылдап отырды. Бұндай бағдарламалардың мазмұны мен бағыты сан-алуан.
Мәдени-саяси жұмыстардың әдiстерi бiрте-бiрте жетiлдiрiлдi. Тұрақты
кiтапханалар, клубтар, оқу және мәдениет үйлерi мен сарайларының маңызы
елдiң өмiрiнде ауқымды орын ала бастады. Мысалы, 30-шы жылдардың
басында Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында 129 клуб және 210 оқу
үйi халыққа қызмет еттi.
Кiтапхана iсi дамыды. 1937 жылы кiтапханалар саны 2073 -ке жетiп,
олардың қорында 2,5 млн дана әдебиет болған. Ауылды жерде 1240 мың кiтабы
бар 1747 кiтапхана жұмыс iстеген. Алматыдағы мемлекеттiк көпшiлiк (Кеңес
мемлекетi тұсындағы А.С.Пушкин атындағы, казір ҚР-ның Мемлекеттік
Ұлттық кітапханасы) кiтапхананың қоры жарты миллион данадан асты, оның
оқу залында 40 мыңға жуық оқушылары болды.
Республикада мерзiмдi баспасөз және кiтап шығару iсi саяси билеушi
идеологияның арнасымен дамыды. “Степная правда ”(қазiргi “Казахстанская
правда”) және “Еңбекшi қазақ” (Егемен Қазақстан) газеттері, “Қазақстан”
журналы шыға бастады. Кеңестік биліктiң алғашқы жылдарында газеттер мен
журналдар көбiнесе мемлекеттiк, кәсiподақтық, кооперативтiк қордың есебiнен
бұқараға таралатын болды және мәдени-ағарту желiсiне, кеңестiк және
кооперативтiк ұйымдарға алынатын болған. 1925 жылы республикада небәрi 31
газеттiң 13-шi қазақ тiлiнде басылды. Олардың саны жыл сайын өсiп, он
жылдан жалпы саны 280-ге жетсе ал, оның 62-і қазақ тiлiнде басылған.
Республикада әдебиет және ғылыми шығармалар шығару iсi жүйелі
қарқынмен дамыды. Шығарылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 30-шы
жылдардың ортасында үш миллион даналық 200-ден аса кiтаптар шығарылды.
Олардың
арасында
билеушi
партияның
саясатын
насихаттайтын
басылымдардың саны жылдан-жылға шексіз өсiп отырды.
Кеңес үкiметiнiң мәдени саладағы ауқымды және тиянақты iсi -
Достарыңызбен бөлісу: |