1991 жылы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесi Қазақ
КСР-ын Қазақстан Республикасы
деп атау туралы шешiм қабылдады, ал 1991
жылы 16-шы желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
тәуелсiздiгi” туралы Заң қабылданды. Қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы
орындалды, ҚР-ның тәуелсіздігі жарияланды. Сол күннен бастап 16 желтоқсан
Тәуелсіздік күні болып мерекеленеді. Осы құжатта қазақ елi өзiнiң аумағында
бүкiл билiкке ие болып iшкi және сыртқы саясатын дербес шешуге құзырлы
екені анық көрсетілді, ал ҚР-сы әлемдiк деңгейде тәуелсiз, демократиялық және
құқықтық мемлекет есебiнде танылатын екені нақты баяндалды. Осы
құжаттағы шарттар аясында тәуелсiз мемлекеттiң болашақ Конституциясының
iргетасына айналды. Cол сәттен бастап Қазақстан Республикасы барлық
мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық принциптерi
негізінде құруға қолы жетті.
Қазақстан тәуелсіздігi барысында Республиканың жаңа елтаңбасын
әзiрлеу мәселесi туындады. Ашық конкурс нәтижесiнде оған 245 үлгi түстi.
Ұзақ және қызу пiкiрсайыстардан кейiн сәулетшілер Ж.Мәлiбеков пен
Ш.Уәлиханов дайындаған көгiлдiр аспанда шаңырақ бейнеленген, онан күн
сәулесi секiлдi уықтар жан-жаққа тарап, ол қанатты тұлпармен көмкерiлген
Мемлекеттiк елтаңба қабылданды.
Егемендi мемлекеттiң тағы бiр рәмiзi-әнұран (гимн). Мемлекеттiк әнұран
- ресми салтанатты, поэтикалық-музыкалық шығарма. Ол мемлекеттiк
елтаңбамен және тумен бiрге дербес мемлекеттi бейнелейдi. Мемлекет
дербестiгiнiң атрибуты ретiнде әнұран ресми рәсiмдер кезiнде, мереке
күндерiнде және заң актiлерімен белгiленген салтанатты жағдайларда
орындалады.
Қазақстан әнұранының әуеніне жарияланған конкурс аясында оның
ұйымдастыру алқасына 51 жұмыс және өлең мәтiнiнiң 132 нұсқасы түскен.
Алайда олардың ешқайсысы 1944 жылы М.Төлебаев, Е.Брусиловский және
Л.Хамиди жазған Мемлекеттiк әнұран әуенінен асып түсе алмаған. Өлең
мазмұны бойынша пікірсайыста ақындар Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев,
М.Әлімбаев және Ж.Дәрiбаева жазған мәтiн озып шығып, бұрынғы әуенге
лайықталды.
Мемлекет егемендiгiнiң тағы бiр рәмiзi-оның туы (байрақ). Ту түсi ұлттық
ерекшелiгiмен айқындалады. Мемлекеттiк тудың баяны, оны iлудiң тәртiбi,
орны және басқа шарттары арнайы шектiлi-құқықтық актiмен, заңмен
белгiленедi. Өркениеттi елдерде мемлекеттiк туды заңсыз пайдалану немесе
оны қорлау заң жолымен жазаланады.
Республиканың Мемлекеттiк туы тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата, оның
ортасында сәулесi шашыраған күн, оның астында қалықтай ұшқан бүркiт. Ту
сабына таяу төмен қарай тiк түскен ұлттық нақыш салынған. Күн, cәуле, бүркiт
және нақыш алтын түстес. Мемлекеттiк тудың авторы суретшi Ш.Ниязбеков
болды.
1992 жылы 4-шi маусымда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
туы туралы”, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы туралы”
ҚР-ның заңдары қабылданды.
Мемлекет егемендiгiнiң тағы бiр көрсеткiшi – тәуелсiз қаржы, яғни ақша
жүйесi. Ақша-тарихи даму жемiсi екенi аян, оның рөлiн әртүрлi тауарлар
атқарған замандар да қазақ халқының басынан өткен. Құқықтық тәуелсiздiкке
ие болғаннан кейiн қазақ ақшасын енгiзу мiндетi езек күттірмеді. 1993 жылғы
15 қарашадан берi Қазақстанның өз валютасы - теңге айналымға ендi. 1961-
1992 жылдар үлгiсiндегi 500 сом 1 теңгеге тең деген есеппен республикада 1
триллион 910 миллиард сом алмастырылды. Алмастыру кезеңiнде АҚШ-тың
бiр доллары 5 теңге 70 тиынға, Ресейдiң 1000 рублi 4 теңге 21 тиынға
баланатын болды.
1993 жылы 28 қаңтарда Республиканың Жоғарғы Кеңесi тоғызыншы
сессиясында тәуелсiз Қазақстанның Конституциясын қабылдады. Онда елдiң
конституциялық құрылысының төмендегiдей негiздерi айқындалды:
- Қазақстан Республикасы (Қазақстан) - демократиялық және бiртұтас
мемлекет, өзiн-өзi билейтiн қазақ ұлтының мемлекеттiгiнiң пошымы ретiнде
Қазақстан Республикасы өзiнiң барлық азаматтарына тең құқықтарды
қамтамасыз етедi;
- Қазақстан Республикасының аумағы тұтас, бөлiнбейтiн және ешбір
елдің қол сұғылмайтын аумақ;
- Қазақстан Республикасы адамды, оның өмiрiн, бостандықтарын және
етене құқықтарын ең жоғары құндылық деп бiледi және өз қызметiн азамат пен
қоғамның мүддесiне орай жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы өз Конституциясы мен заңдарының
шеңберiнде
қимылдайтын
қоғамдық
бiрлестiктердiң
тең
құқықтық
мүмкiндiктерi болуына кепiлдiк бередi. Қоғамдық бiрлестiктердiң идеологиясы
мемлекеттiк идеология ретiнде орнатыла алмайды;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк үкiмет оны заң шығарушы,
атқарушы және сот құрушы билiктерге бөлу принципiне негiзделедi;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күшi
бар, оның нормалары тiкелей iске қосылады. Конституция баптарына келмейтiн
заңдар мен өзге актiлердiң заңдық күшi болмайды;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. Орыс тiлi -
ұлтаралық қатынас тiлi. Мемлекет-ұлтаралық қатынас тiлiнiң және басқа
тiлдердiң қолданылу аясының сақталуына кепiлдiк бередi, олардың еркiн
дамуына қамқорлық жасайды. Азаматтардың мемлекеттiк тiлдi немесе
ұлтаралық қатынас тiлiн бiлмеуiне қарап олардың құқықтары мен
бостандықтарын шектеуге тиым салынады.
Ел басқару жүйесі де радикалды түрде өзгертiлдi. Бұдан былай
республика билік сатысына
әкiмдер институты
енгiзiлдi, яғни Президент
өзiнiң үкiмiмен республика атқару орындарының жетекшiлерi мен облыс
әкiмдерiн тағайындайтын болды. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет те
өзгерді. Бұрынғы кеңестік атқару комитеттер таратылып, олардың орнына
жергiлiктi әкiмшiлiктердiң жүйесi келді. Жергiлiктi әкiмдердi тағайындау және
қызметiнен босату қатаң түрде жоғарыдан төмен: Президенттiң және
әкiмдердiң өкiмiмен тағайындалатын болды.
1993 жылдың желтоқсанында
Достарыңызбен бөлісу: |