ретiнде бой көтеріп, тез арада сауда мен өңдеушi өнеркәсiптердiң орталығына
айналды.
Қазақстан қалаларының өзiндiк әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардан
туындаған бiрқатар ерекшелiктерi болды. Бiрiншiден, олар жалпы дүниежүзiлiк
эволюция заңдылығымен ұштасады және сол процестiң нәтижелерiнде көрiнедi.
Екiншiден, казіргі Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен
өсуi өлкенi отарлаудың тарихымен, орыс-қазақ саудасынының ұлғаюының
әсері. Отарлаудың нәтижесiнде қазақ өңiрiндегi казақи елдi мекендердiң саны
осы жылдары 30-дан 400-ге дейiн өскен. Қалалардың қалыптасу процесiне
Ресей империясының шеткi аймақтарындағы XIX-шы ғасырдағы саяси
реформалар айрықша ықпал еткен.
Реформалардан кейiнгi кезеңде қалалардың көбi ұсақ қалалар санатына
жатты. Сырдария облысында ұсақ қалалар саны барлық қалалардың 71
пайызын алды. XX-шы ғасырдың басында Қазақстан қалаларындағы халықтың
саны төмендегiдей болған:
Достарыңызбен бөлісу: