Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі №31 Терешкова атындағы жалпы орта мектептің 9 «ә» сынып оқушысы Жолшы Аяулым



бет2/3
Дата15.12.2021
өлшемі1,82 Mb.
#101513
1   2   3
Байланысты:
Жолшы-Аяулым-Көз-аурулары-1

Көз анатомиясының құрылысы

Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады. Сыртқы ортадан қабылдайтын ақпараттың 80-90% -ы көру мүшесі арқылы болады. Бұл көру сезім мүшесінің маңызының ерекше екенін дәлелдейді. Адамның табиғатта және қоғамда толып жатқан өзгерістер жасауы көру мүшесінен алынған ақпараттың жоғарғы ми қыртысында талданып, қорытындыланып, оның іс-әрекетіне айналуына байланысты. Көру сезім мүшесінен түсетін ақпараттың ішкі мүшелердің қызметіне әсері бар және ол адамның мінез-құлқын өзгертеді. Мысалы, көзден түскен жарық сезімі қан тамырының жұмысын қоздырып, жүректің соғуын жылдамдатады. Дастарханның таза, жақсы ыдыстармен және түсі әдемі болып дайындалған тағамдармен әзірленуі көру мүшесінен қабылданған қозуды жүйке арқылы мидың ас қорыту орталығына жеткізеді. Осының әсерінен сілекей бездерінен және ұйқы безінен сөл бөлініп, ас жақсы қорытылады. Жалпы денсаулықты сақтауда көзден келетін ақпараттың маңызы өте зор.

Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылар арасындағы көз ауруларының ең көп тараған түрлеріне:

Амблиопия – көздің көру мүмкіндігінің нашарлауы, физологиялық, психологиялық жайлар мен сыртқы орта факторларының әсерінен туындайды.

Анизокория – көз қарашығының ұлғаюы, жүйке жүйесінің зақымдануы мен психикалық аурулардың әсерінен пайда болады.

Анофтальм – бір немесе екі көздің тума көрмеуі немесе жарақат әсерінен жоғалтуы.

Астигматизм – көздің оптикалық жүйесінен көріністің бұлыңғыр көрінуі, астигматизм әсерінен көрініс алатын заттар нақты көрінбейді. Ауру цилиндрлік айнасы бар көзілдірік кигеннен дұрысталуы мүмкін.

Афакия – көздегі хрусталиктің болмауы немесе катарактаның әсерінен алынып тастауы, кейде тума пайда болуы мүмкін.

Блефарит – қабақ шеттерінің қабынуы (қышу, қызару)

Жақыннан көргіштік (миопия) – көру мүмкіндігінің төмендеуі, жақындағы заттардың анық көрініп, алыстағы заттардың бұлыңғырлануы [1,2]

Глаукома – көздің айналасындағы қан қысымының жоғарылауымен сипатталатын көз ауруы. Заттардың тұмандануы, бастың ауруынан кейін көздің көру мүмкіндігіні төмендеуі. Ұзақ емделуді қажет етеді немесе ота жасайды, кей жағдайда қайталануы мүмкін.

Дакриоаденит – коньюктивит әсерінен кейін көз жасы безінің қабынуы, көз ісінеді, көз жасы тиылмайды.

Дакриоцистит – коньюктивит немесе тұмаудың әсерінен көз жас безінің қабынуы. Көзден жас немесе іріңнің жиналуымен сипатталады.

Ұзақтанкөргіштік – жақын заттарды бұлыңғыр етіп нашар көреді, алыстағы заттар анық көрінеді. Хрусталиктің нашарлауынан.

Дальтонизм – қызыл және жасыл түстерді ажырата алмау. Тұқым қуалаушылықпен беріледі.[3,4]

Біздің зерттеу жұмысымызға сараптама жасасақ – облыстық офтальмологиялық поликлиникадағы тіркелген науқастардың жас ерекшелігі мен көп тараған аурулардың статистикалық сараптама жасағанда:

2014 ж. мектеп жасындағы балаларды офтальмологиялық тексеруден кейін 547 балада алғашқы көз ауруларының белгілері байқалып, 438 емдеуге алынған, бұл тексеру 42 дәрігердің бақылауына тіркеуге алынған.

Тексеру барысының қорытындысы бойынша көздің кілегей қабығының қабынуы (коньюктевит) - 138,4 пайыз, миопия – жақыннан көргіштік 108,7 пайыздық ең жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр.

Облыстық ауруханаға жедел жәрдеммен түсетін көз аурулары – ересектер арасында 2012 ж. 132, балаларда 87, 2013 ж. ересектерде 108, балаларда 100, 2014 ж. 118 ересектерде, балаларда 62 көбірек кездесетіні анықталды, осыған байланысты көз аурулары жас балалар мен ересектерде де көбірек кездесетінін айтып кеткен жөн.

Көру сезім мүшесінен түсетін ақпараттың ішкі мүшелердің қызметіне әсері бар және ол адамның мінез–құлқын өзгертеді. Осыған байланысты статистика көрсеткіштеріне сүйене отырып мамандар балаларды балабақша қабырғасынан бастап көз дәрігерінің үнемі бақылауында болып, жылына екі рет көз дәрігеріне көрсетіп тұруға кеңес береді. Сондай-ақ, қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында көп кездесетін жақыннан көргіштік және миопия, астегматизмнің алдын алу мақсатында, мектеп қабырғасында балалар мен жас өспірімдерді офтальмолог мамандардың тексеруінен кейін, балаларды олардың көру дәрежесіне қарай партаға отырғызулары міндетті түрде ескерілуі қажет. [5,6]

Сонымен қатар қазіргі таңда барша ересектер мен балаларда негізгі ойын көзі болып табылатын компьютер ойындары, одан қала берді қалта телефондарының ойындары балалардың әуестігіне айналған, теледидардағы бітпес мультсериалдарды қысқартып, баланың таза ауада жүруіне, спорттық секциялармен алмастыруға, уақытты тиімді пайдалануға баланы мектеп жасынан дағдылап үйрету керектігін әрбір ата-ана ескеруі қажет.

Балалардың ұзақ өмір сүруі олардың көру қабілетіне де байланысты. Қорыта айтқанда, әр адам көз кемістігінің алғашқы белгілері білінгеннен бастап дереу дәрігерге көрінсе, көз ауруы асқынбайды және келешекте қолданған емнің шипалы болуына қолайлы жағдай туады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет