Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
№31 Терешкова атындағы жалпы орта мектептің
9 «ә» сынып оқушысы
Жолшы Аяулым
Ғылыми жұмыс
Бастауыш сыныптарындағы
оқушыларының көз ауруларына әсер
етуші факторлар және олардың
алдын алу
Ғылыми жетекшісі: Майликараева Ақбаян Байырханқызы
Шымкент қаласы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨЗ АУРУЛАРЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Жұмыстың мақсаты: Жас ерекшеліктеріне байланысты көру мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерімен танысу, оқушылар мен студенттер арасында анализаторлардың гигиеналық талаптары мен әртүрлі потологиялық аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Жұмыстың міндеттері:
- Жас ерекшеліктеріне байланысты көру мүмкіндіктері;
- Көру талдағышының патологиясы және алдын алу жолдары;
- Рефракция;
- Жақыннан көргіштік (МИОПИЯ);
- Гиперметропия;
- Іштен туа пайда болатын көз аурулары.
Практикалық маңыздылығы:
Жас ерекшеліктеріне байланысты бастауыш сыныптарындағыкөз ақауларының алдын алу іс шараларын ұйымдастыру және жеке гигиеналық талаптарды орындау, зерттеу нәтижелерін анатомия, физиология пәндерін оқытуда қолдану
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
«Көз адамның айнасы» сондықтанда көз құрылыс ерекшеліктері мен ондағы жас ерекшеліктеріне қарай бастауыш сыныптарындағы әр түрлі патологиялық өзгерістер мен олардың алдын алу немесе болдырмау шаралары ұйымдастырылып, облыстық офтальмологиялық диспансерінен алынған статистикалық мәліметтерге шолу жасалып, статистикалық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу жұмысының, жалпы ондағы мағлұматтардың адам анатомиясы, адам физиологиясы пәндерін оқытуда маңызы бар.
КІРІСПЕ
Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына механикалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үш нитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді. Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |