пико делла
мирандолланың (1463-1494) ойынша, адам – Құдай мен Ол жаратқан
Табиғат арасындағы делдал. Өз бойына бәрін жинай отырып, адам
кім болуға да қабілетті. Жер бетінде адамнан биік ештеңе жоқ және
адам үшін оның жаны мен рухынан биік тұратын ештеңе жоқ. Құдай
адамдарды жан-жақты тіршілік иелері ете отырып, олардың бойына
өмірдің алуан түрдегі ұрықтарын енгізді. Адам рухындағы ең тамаша
саналатыны – ол
еркіндік . Адамдардың өмірдің әр алуан жолдарын
таңдайтын мүмкіндіктері бар. Әңгіме таңдаған мүмкіндікті тиісті
дәрежеде пайдалану туралы болып отыр. Сөйтіп, егер ортағасырлық
философтар адамның ерік-қалауын, таңдау мүмкіндігін күнәға әкеліп
соқтыратын жол деп ұқса, ал Мирандолла оны