102
«Мен» дейтін адамның мәртебесі мен еркіндігі туралы ілім жатыр.
Жалпылай айтқанда, Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері осындай.
Егер біз Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктеріне талдау жасаумен
ғана шектелсек және бұл кезеңде философия мен ғылымға енген басты
жаңалықтар, дәлірек айтқанда, үлестер туралы ештеңе айтпасақ, үлкен
қателік жіберген болар едік.
Адам құндылықтары мен мәртебесі, еркіндіктің мұраттары бас-
ты, басымдыққа ие болып саналған рухани ахуал
табиғаттың
жаңа философиясын
тудырмай қоймас еді және тудырды да. Ал со-
нымен қатарлас жаңа жаратылыстану да дами бастады. Ол бірқатар
дәуір жаңалықтарын әкелді және жаңа философияның маңызды
бастауларының біріне айналды.
Ғылымдағы жаңа үрдістер Леонардо да Винчи (1452-1519), Николай
Коперник (1473-1543), Иоган Кеплер (1571-1630), Джордано Бруно (1548-
1600) және Галилео Галилей (1546-1642) шығармашылығында көрініс
тапты.
Достарыңызбен бөлісу: