сыртқы әсерге
ішкі қарсы- лығы механизмін ашты. Оның пікірінше, өте ұсақ қан түйіршіктері
сыртқы әсерді миға жеткізеді. Қазіргі заман физиологиясы тұрғысынан
бұндай дәлелдер тым қарапайым көрінеді, бірақ, күмән жоқ, осының
барлығы да Декартты шартсыз рефлекстерді түсінуге жеткізді. Соған
байланысты ол жан-жануарларды құрылысы күрделі машиналар деп
санады.
Мүмкін, тәні бар тіршілік иесі болып саналатын адам да машина
шығар? Бұл сұраққа ол теріс жауап береді. Сырттан келетін кез кел-
ген әсерге тиісті жауап қайтару үшін, адам барлығын ой елегінен
өткізіп, ақыл тезіне салады. «Адамның ақылы мен ойы – жан-жақты
құрал», – дейді Декарт. Екінші жағынан, адам сөйлей алады. Осылай
болғандықтан да, адамның басқа жан-жануарлардан айырмашылығы
оның рухында жатыр.
Р.Декарт таным теориясына күмәндану ұстанымын енгізеді
(кейіннен ол «Картезиандық күмән әдісі» деп атала бастады).
Сезімдік таным көбінесе бізде теріс ой-пікір қалыптастырады. Егер
біз төртбұрышты мұнараға алыстан көз салсақ, ол бізге дөңгелек бо-
лып көрінеді. Күнді кішкентай және жылы денедей көреміз. Ішінде су
бар стақанға салынған қарындашты сынған деп ойлаймыз. Көзімізбен
көрген нәрселерді кейде түсімізде көргендей әсерде боламыз. Негізінде,
ғылыми фактілердің дұрыстығына да күмәндануға болады. Тіпті біздің
бар жанымыз күмәнға толы.
Ал бұндай тығырықтан қалай шығуға болады? Өзін-өзі батпақтан
шашынан тартып шығарған барон Мюнгхаузенге ұқсау керек пе?
Өзінің философиясына негіз құру үшін, Р.Декарт күмәндануға бола-
тын нәрселердің бәріне күмәнмен қарау керек деп шешті:
• Сезім-түйсіктерге де күмәндану керек, өйткені олар елес болуы
мүмкін.
• Физика мен астрономия да күмән тудырады, өйткені кеңістік пен
уақыт та теріске шығарылуы мүмкін.
130
• Арифметика мен геометрия да күмәнді, өйткені есеп-қисапта
қателіктер кетуі мүмкін және т.с.с.
Алайда барлығына күмәндана отырып, дәл осы сәтте күмәнданып
отырғаныңа күмәндануға болмайды. Ал күмәндану деген ой емес пе?
Олай болса: