іс-әрекеті
арқылы оны
өзгерту
қажеттігі. Ал осы өзгерту
барысында ойлау дамиды, демек, адамның қоршаған дүниені танып
білуі орын алады. Сөйтіп, адамның
белсенділігі
нәтижесінде ғана
табиғат заты танылады және адамдардың қажеттіліктерін өтеу үшін
өзгерістерге ұшырайды.
Әлемді нақты танып білу – оны адамның
игеруі болып табылады.
Маркстік философия теориялық емес, бәрінен бұрын практикалық,
яғни
іс жүзіндегі мәселе
болып табылатын
шындық
мәселесіне де жаңа
идеялар енгізеді. Шындық туралы өмірден, тәжірибеден алшақ жатқан,
таусылмайтын айтыс-тартыстар тек схоластикалық теориялауға әкеліп
соқтырады. Философтар әртүрлі жолдармен дүниені түсінуге ғана
әрекет жасады ғой, ал мәселе оны өзгерту қажеттігінде жатыр. Олар кез
келген философиялық қағидалардың келешекте ғылым мен қоғамдық
өмірдің дамуы барысында сөзсіз өзгеретініне, нақтыланатынына, байи-
тынына сенді.
Достарыңызбен бөлісу: |