226
қарайды. Ғылымның мақсаты – еріктің іс жүзіндегі нақты мүдделерін
қанағаттандыру.
Ерік Шопенгауэрдің бар философиясының шеткі бұрышын тіреп
тұрған тас ретінде болғандықтан, ол волюнтаризм деп дұрыс аталған.
Шамасы, ол еріктің рөлін асыра бағалап, өзін зорлық-зомбылық
көрсететін полицейлер мемлекетін жақтаушы етіп жариялаған.
Шопенгауэрдің пессимистік философиясы оның көзі тірісінде
табысқа жете қоймады, бірақ XIX ғасырдың екінші жартысында ол
философиялық өмір қалыптастырудың қайнар көзі болды. Сол уақытта
пессимизм мен скептицизм философиялық сәнге ұласып, ал Шопенга-
уэр иррационализмге, интуитивизм мен прагматизмге жол салушыға,
әрі ой әміршісіне айналды.
Иррационализмнің негізін қалаушылардың бірі, дат философы және
теологы, сол заманғы экзистенциализмнің алдыңғы буыны, ізашары
Достарыңызбен бөлісу: