ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет346/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

әлдебір үлкен бірдеңе.
1
Бұл жерде: «прокрустово ложе» – бір патшаның екі төсек жасатып, кішісіне жатқандардың 
төсекке сыймаған дене мүшелерін шапқызып, ал үлкен төсектегілердің аяқ-қолдарын 
созғызып, қалыпқа салғандай жасағаны туралы айтылады. Жалпы, «барлығын теңдей ету-
ге тырысу» дегенді білдіреді. 


227
Кьёркегор Гегельдің объективті диалектикасына өзінің тұжы-
рымын, яғни 
адамның өмір сүруінің субъективтік диалектика
-
сын
қарсы қояды. Оның пікірінше, дүниеге көзқарастың жараты-
лыстану жетістіктеріне негізделген кез келгені – ол жамандықтың 
белгісі, өйткені жаратылыс ғылымы, ақыр соңында, адамзаттың өз-
өзін құртып-жоюына әкеліп соқтырады. Кьёркегор адамның тіршілік 
етуі мәселесін, оның ішкі әлемін, сана-сезімін, құштарлықтарын 
философияның негізгі мәселесіне айналдырады. Егер Сократ дүниені 
танып білу үшін, алдымен «өз-өзін тануға» үндесе, ал Кьёркегор 
тұлғаның ішкі дүниесін зерттеуді қанағат тұтып, тіпті сыртқы әлемді 
танып білуден бас тартады. Болмыс – ол ішкі дүние (innerlichkeit), 
«меннің» өз «меніне» қатынасы. Адамның ішкі жан дүниесі заттардың 
ішіндегі зат сияқты нысан бола алмайтындықтан, ол ұтымды 
(рационалистік) жолмен танылмайды. Адамның болмысы орнықсыз, 
адам өзінің келешектегі өліміне қарай жылжып келе жатқанын сезінеді. 
Оны тек сезіммен түйсінуге, бастан өткеруге болады. Осыған байла-
нысты ойшыл философияға: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет