қорқыныш, қас-қағым сәт, қалшыл,
секіріс, түңілу, үміт
сияқты санаттарды енгізеді. Кьёркегор бойынша,
осы санат-экзистенциалдардың көмегімен адамның ішкі, қайталанбас
жан дүниесі әлемін көз алдыңызға елестете аласыз.
Өмір сүру – ол адамның күйзелістерінің, қайғы-қасіреттерінің
және соның шектерінен шығу үшін жасайтын іс-әрекеттерінің әлемі.
Бұл – өзіндік қайталанбас болмысын іске асыру мақсатындағы көп
мүмкіндіктердің бірін еркін таңдау, өзін тобырдан бөлектеу, ешкімге
ұқсамау. Бұл – өмір сүрудің шектілігі мен шексіздігінің арасындағы
таңдау және соған байланысты қорқыныш, батылдық және бейтаныс
дүниеге секіріс. Кьёркегор бойынша, батылдық қандай да бір сыртқы
жағдайларға байланысты емес. Ол қашанда – адамның еркін таңдауы.
Ал секіріс те ешқандай факторларға жанаспайды, өйткені ол – қашанда
ұтымды ойлау шектерінен асып жататын рухтың іс-әрекеті. Көріп
отырғанымыздай, ойшыл классикалық философияның қағидаларынан
алыстап кеткен.
Кьёркегорша, адам өз өмірінде үш:
Достарыңызбен бөлісу: |