228
сияқты әрекеттерден көрінетін эстетикалық өмірдің данқын шығарды.
Өмірге эстетикалық көзқарастың ұраны: «Carpe diem, carpe horam!» –
«Әр сағаттан, әр күннен ләззат ал!» – болды. Бұндай өмір салты адам-
ды өз сезімдерінің, құмарлықтары мен құлшыныстарының құлына ай-
налдырады.
Дамудың эстетикалық сатысында адам уақытты өзінше бағалайды.
Ләззаттың әр мезеті үшін ол бәрін беруге әзір, алайда келесі мезет
одан да нәзік, одан да тәтті болуға тиіс. Бірсарынды және қайталана
беретін сезімдер – эстетикалық өмірдің бітіспес жауы. Өмірге он-
дай көзқарастың классикалық үлгілері ретінде Кьёркегор барынша
көп сұлу әйелдерді бағындыруға ұмтылған Дон-Жуанның, әр жолы
жаңа, нәзік, өткір сезімдерден ләззат алуға жанталасатын Иоанның
бейнесін келтіреді. Бірақ күндер, жылдар өтеді, эстетикалық кезең
сарқыла бастайды. Қайталанбайтын нәрсе қайталанады, өткір сезімдер
мұқалады, ләззат қуудың жалғандығы айқын сезіледі, адамды зерігу
мен жалғыздық, өмірге құлықсыздық, тіпті одан түңілу сезімі билейді.
Ал сол кезде оның алдында екінің бірін: өзінің мағынасын жоғалтып
үлгірген бұрынғы эстетикалық өмір шектерінде қалу керек пе, әлде
жаңаша өмір сүруге бет бұру қажет пе дегенді таңдау қажеттігі пайда
болады. Нәтижесінде, адам өзінің өмір сүруінің келесі –
Достарыңызбен бөлісу: