ерекше жаратылған адам – аққұба алаяқтың пайда бо-
латын кезі келгеніне сенімді болды. Бұл – «нордтық тұрпатқа» жата-
тын «арийлік нәсіл» адамы. Моральдық көзқарас тұрғысынан алғанда,
ондай адамдар бір-біріне қарым-қатынасында кішіпейіл, сыпайы,
ізгілікті. Бірақ басқалармен қарым-қатынас жасағанда, олар ойларына
келгенін істей алады, тіпті айуандық көрсетуі мүмкін.
Ницше ерекше адамды сыртқы түріне қарап-ақ тануға болатынын
айтады. Егер оның шыққан тегі бірден көрініп тұрса, онда тобыр оған
сөзсіз бағынуға әзір. Егер тобыр оның сырт келбетінен ізгілікті көре
алмаса, онда байлық пен билік оған мүлдем кездейсоқ беріліп қалған
деп санайды. Сол кезде жай адамның басына: «Ал мен неге бағымды
сынап көрмеймін?» – деген бүлікшіл сұрақ келе қалады. Ондай ой,
Ф.Ницшенің пікірінше, ақыр соңында, социализмге алып келеді.
«Көңілді ғылым» (1882) атты еңбегінде Ницше Құдайдың бар
екені туралы мәселені қарастырады. Автор алаңға жүгіріп шығып:
«Мен Құдайды іздеп жүрмін! Мен Құдайды іздеп жүрмін!» – деп
айғайлайтын есуас туралы әңгімелейді. Оның айғайын базардағы
Құдайға сенбейтін адамдар естиді. Олар кекесінмен есалаңнан:
«Мүмкін, Құдай адасып кеткен шығар?» – деп сұрайды. Сонда әлгі
делқұлы оларды көздерімен атып: