әлеуметтік философиясы да өзіндік сипатқа ие.
«Мораль мен діннің екі бастауы» деген еңбегінде ол мәдениет
философиясының өз түсінігінде қандай екенін, сондай-ақ этикалық-
діни мәселелерге көзқарасын баяндайды. Ал бұл тұжырымдаманың
теориялық негізін «Шығармашылық даму» жұмысында берілген идея-
лар құрайды. Бергсон әлеуметтіктің екі:
1) «жабық» және «ашық» қоғамдарды; 2) соларға сәйкес келетін
мораль мен діннің: орнықты және серпінді (динамикалық) үлгісін
қарастырады. Жабық қоғамдарда адамдар көп жағдайларда өзі үшін
емес, басқалар үшін өмір сүреді. Ал ашық қоғамдарда тұлғаның жеке
өмірі, оның шығармашылығы ұжым мүдделерінен жоғары тұрады. Ішкі
өміріне терең бойлап қана адам өзінің еркіндігін және әлеуметсіздігін
сезінеді.
Бергсон өз философиялық мектебін құрмағанмен, оның
көзқарастары Еуропаның, әсіресе Францияның мәдени және зияткерлік
ахуалына терең ықпал етті. Оның идеяларының әсерін өз заманының
көрнекті қайраткерлері: П.Тейяр де Шарден, Э.Леруа, А.Тойнби,
Дж.Сантаяна және басқалары да сезіне білді.
Бірақ «өмір философиясында», сөз жоқ, аса күрделі тұлға