«Құдай өлді. Құдай тірі емес. Оны
біз өлтірдік»
, – дегенді айтады.
237
Бұл кішкене әңгіме арқылы Ницше ғылым мен техниканы дамы-
тып, Құдайды өлтірген еуропалықтарға кінә артады. Адам Құдаймен
тең тұруға ниет етіп, қоршаған әлемді танып біліп және өзгертіп, енді
іс жүзінде сенімнен айырылған күйге түсті.
Философ болашақта христиан Құдайының орнын әлемдік тарихта
дүниеге келуге тиіс Ерекше адам басатынына сенімді болды.
Өзінің философиясын Ницше
құндылықтарды қайта бағалау
ретінде қарады. Рационализмнен, ақыл-естің өмірге билік еткісі
келетін әрекетінен ол қоғамның кері кетуін («декаданс») көрді. Фило-
соф культі – ол «ең жақсылардың», «таңдаулылардың» культі. Демокра-
тияны үйірдегі жан-жануарлардың моралі деп атап, ол, шындығында,
буржуазиялық демократия мен моральды сынға алды.
Сөз жоқ, Ницшені
ең бір қауіпті
және
жападан-жалғыз қалған фи-
лософияны
тудырушы деп санағандар шындықтан алыс кетпеген.
Ницшенің фашизм идеологиясының жаршысы болғаны туралы
да жиі айтылады. Бұл кереғар пікірдің тууына, мүмкін, Гитлердің
өзінің, мамандардың ойынша, жаман суретші болмаса да, өнерді
жан-тәнімен жек көргені себеп болған шығар, бірақ Ницшені құрмет
тұтып, фюрер оның Веймарда орналасқан мұрағатына келгенде,
философтың қарындасы Ферстер-Ницше қонаққа сыйлық ретінде
ағасының сүйікті таяғын тарту еткен. Әрине, бұл кездейсоқ келу емес
еді, өйткені жұртшылықтың санасында ол кезде бірнеше шындықтан
құрылған: «бәріне де жол берілген», «өмір – ол билеу еркі», «құлайын
деп тұрғанды итеріп жіберу керек», «ешқандай жанашырлық жоқ,
күштілер бұйыруға, ал әлсіздер бағынуға тиіс» деген сияқты таптау-
рын пікір – стереотип қалыптасқан-ды.
Бірақ, біздің ойымызша, «Фашизмді тудырған Ницше емес, фа-
шизм Ницшені тудырды», – деген неміс жазушысы, антифашист
т.манн
(1875-1955) дұрыс айтқан, өйткені ол басталып келе жатқан
империализмнің алғашқы белгілерін байқап, фашизмнің жақын екенін
жария еткен (Манн Т. Шығ. жин. 10-т. – М., 1961. – 379-380-беттер).
238
Достарыңызбен бөлісу: |