ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет372/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

Пайыммен қарауға қарсылық.
Классикалық ғылым аясын-
да ғасырлар бойы танымның мақсат-мұраты заттардың объективтік 
қасиеттері мен сапаларын ашып көрсету болды, мұнда ешбір субъ-
ектілікке, оның ішінде адамның іс-әрекеттерінен шығатын көзқарастар 
мен ұстанымдарға орын болмауға тиіс. Оның үстіне, зерттеушінің 
зерттелетін нысанға әсері, ықпалы есепке алынбады. Алайда 
қарапайым элементтердің физикасы бұл ұстанымды теріске шығарды. 
Атомның құрылымын зерттеу барысында қарапайым элементтердің 
бақылау құралдарымен өзара әрекетке түсетіні анықталды. Олай бол-
са, нақтылықтың дербестігін микроәлемнің зерттелетін нысандарына 
да, пайдаланылатын аспаптарға да телу мүмкін емес. Әлбетте, заттар-
ды, табиғаттың бір немесе басқа құбылысын зерттеген кезде, қалай 
болғанда да, сырттан әсер ету орын алады. Екінші жағынан, зерттелетін 
нысанға таным құралдарының әсерін жоққа шығаруға болмас. Соны-
мен, өз бетінше өмір сүретін, таным субъектіне тәуелді емес нысан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет