теологиялық саты – ерте заманнан басталып, Табиғаттың
барлық құпия күштері Құдайдың көріпкелдігімен түсіндірілетін XIV
ғасырмен аяқталады;
ә)
метафизикалық саты (XIV-XVIII ғғ.) – онда алдыңғы көзқарас-
тарды теріске шығару және болмыстың (материя, форма, рух және т.б.)
шекті негіздемелерін іздеуде жалпыға ортақ түсініктерді қалыптастыру
орын алады;
б)
оң саты (XIX ғасырдан басталады) – ол өнеркәсіптік қоғамның
дүниеге келуіне және тексерілген фактілерге негізделген, нақтылықты
шынайы ғылыми игеруді дамытудың алғышарттарының пайда болуы-
на байланысты.
Айтылғандарға орай, О.Конт өз заманының ғылыми білімін
жүйелеуді және саралауды жүзеге асырды. Ғылымдағы әрбір жаңа
бағыт өз алғышарттары ретінде алдыңғы жетістіктерге сүйенеді. Алай-
да оны алдыңғы жинақталған білімдер негізінде толық түсіну қиын,
өйткені өзіндік түсінік құралы пайда болады. Осындай қағидаларды
248
басшылыққа алып, О.Конт ғылыми білімнің келесідей: