субъект – еркін, өздігінен жетілген, жауапкершілікті болмыс. Бұл гуманитарлық білімнің негізінде
экзистенция (тіршілік ету)
және
эссенция (мән, мағына) түсініктері жатыр. Егер кез келген жа-
нуар бұл дүниеге өзінің мәнімен бірге тіршілік етуге келсе, онда адам
бұл дүниеге алдымен тіршілік етуге келіп, көп жыл өткеннен кейін,
көптеген сынақтардан өте отырып, өзінің мәнін, яғни болмысының
мағынасын табады.
Көріп отырғанымыздай, экзистенциализмнің әртүрлі өкілдерінің
әлеуметтік-саяси ұстанымдары бірдей емес, бірақ олардың барлығын
бір-ақ нәрсе – осы күрделі және қарама-қайшылықтарға толы әлемде
адамның нақты да шынайы өмір сүруіне деген орасан мүдделілік және
алаңдаушылық біріктірген-ді.
Экзистенциализм осы замандағы барлық гуманитарлық ғылым- дарды жаңа деңгейге көтерді.