ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет416/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

адам болмысының қасіреті
«Мен және Сен» 
қатынастарының 
сарқылуы
немесе басқа бір нәрсенің құралына айна-
луы мүмкін екенінде жатыр.
Соған байланысты, мысалы, австриялық ғалым, дәрігер-логопед 
Виктор Франкл
(1895-1990) Батыс қоғамындағы қазіргі заман 
адамдарының қасіретін «неогендік невроздардан» (грек. nous – ақыл, 
genesis – пайда болу), яғни адамдардың өз болмысының 
мағынасын 
жоғалтуынан
көреді. Бұл ахуалды ұғыммен бекіте түсу үшін, 
ол 
«экзистенциалдық вакуум»
түсінігін пайдаланады. Егер өз 
болмысының мағынасын жоғалтқан бір адамдар «Құдайды іздеу» 
жолын таңдаса, ал екіншілері араққұмарлар мен нашақорларға айна-
лады, үшіншілері қылмыс жолына түссе, ал төртіншілері өз-өздерін 
өлтіруге (суицид) жетеді. Гуманистік көзқарастарына сүйене оты-
рып, В.Франкл адамдарға: «Ештеңеге қарамастан, тіпті жазылмайтын 
ауруға немесе басқадай бір бақытсыздыққа тап болғанда да, адам өз 
өмірінің мән-мағынасынан ажырамауға тиіс», – деген кеңес береді. 
Соғыс жылдарында «Бухенвальд» концлагерінде болғанда жинақтаған 
экзистенциалдық тәжірибелерін қорыта келе, В.Франкл тіпті осындай 
адам төзгісіз жағдайларда да өз өмірлерінің мән-мағынасын жоғалтпай 
сақтай алғандар ғана тірі қалғанын, ал оны жоғалтқандардың хайуанға 
ұқсас тобырға айналып, ажал тапқанын айтады.
Философиялық мұрасы 
«экзистенциялық нұр»
аталған неміс фило-
софы 
карл Ясперс
(1883-1965) болмыс мағынасы жайындағы мәселені 
шешілмейтін мәселе санағандықтан, оны ысырып қойды да, назарын 
адам экзистенциясының болмысы тәсілін
айқындауға және оның 
трансценденцияға қатынасына аударды. Ол әлеуметтік философияға 
«шекаралас ахуал» түсінігін және сонымен байланысты 
«қабыршақ» 
немесе 
«құндақ»
ұғымын енгізді.
Адам өз-өзін сақтау мақсатында қиын дағдарыс жағдайынан 
қашып, «қабыршақтың» ішіне жасырынғандай болып өмір сүреді. 
Бірақ жасырынып қалу қиын. Сондықтан адамға өмір бойы үрейлену, 
торығу, күйзелу, өз-өзін кінәлі сезіну ілесе жүреді. «Шекаралас аху-
ал», шын мәнінде, шешілмейді: олар сал болып жатып қалуға немесе 
ымыраға келтіреді. Бірақ екеуі де – тығырықтан шығаратын жол емес. 


277
Адам өміріне қауіп төнетін жағдайда жан дүние серпілісі орын алады, 
терең күйзеліске түскен кезде, адам осы дүниедегі өзінің қайталанбас 
болмысының мәнін тауып, түсінеді.
Егер Хайдеггер мен Ясперс өздерін діни ойшылдарға жатқыза оты-
рып, қиын-қыстау жағдайларда Құдайға үміт артуды ұсынса, ал «экзис-
тенциализм» терминін ғылыми қолданысқа енгізген француз филосо-
фы 
жан поль сартр
(1905-1980) адамды тіпті де қорғансыз кейпінде 
көреді. Сартр атеистік экзистенциализмнің өкілі болды. Оның таны-
мал болған еңбегі «Болмыс және ештеңе» экзистенциализмнің басты 
құжатына айналды.
Сартр мен оның серіктестері француздардың Қарсылық қоз-
ғалысының қайраткерлері және идеологтары болды, сол себепті 
азаттық мәселесін аса маңызды деп санады. Ницше сияқты, Сартр да: 
«Құдай жоқ, Құдай өлген және адам азат», – деп мәлімдеді. Сартрдың 
ойынша, адам ешқандай жағдайларға қарамастан, азат та, құл да болып 
қала алады. Қолына кісен салынған адам азат бола алса, ал еркіндікте 
өмір сүріп жатқан, тұрмыс жағдайы әбден жақсы адамның да құл бо-
луы ғажап емес.
еркіндік
ұғымы экзистенциализмдегі негізгі түсінік бол-
ды. Еркіндік адамның тектік қасиеті болып табылады. Еркіндік
марксизмдегідей, «танылған қажеттілік» емес немесе «табиғи 
дарындылықты ашу» да емес, ол – адамның шынайы экзистенциясы, 
оның тіршілік етуінің тәсілі болып табылады, өйткені ол – өз-өзінің 
жобасы. Адам өзін – өзінен тудырады. Адам – өзінің себеп-салдары 
да (causa sui). Бұл дүниеде ештеңе де адамға билік ете алмайды. Бірақ 
еркіндік – таңдау емей, немене?! Ол қалағаның бәрін таңдауға ерікті.
Бұл жерде басымызға экзистенциализмді анархизмнің әлдебір 
нұсқасымен теңестіретін бір ой келе қалады. Алайда 
ж.п.сартр 
Еркіндік – тұлғаның өзінің де, басқа адамдардың да алдындағы 
адамгершілік жауапкершілігінің үлкен ауыртпашылығы екенін 
айтады. Міне, сондықтан қазіргі заман әлемінде адамдар өзіне 
жауапкершілік алғысы келмей, еркіндіктен қашады. Таңдау жасап 
қана, яғни еркіндікті іске асыра отырып, адам өзін терең түсінуге, сол 
арқылы басқаларды түсінуге жетеді.
Адам болмысының маңызды ерекшелігі – 
трансценденция
– өз 
шектерінен шығу болып табылады. олай болса: «Шектерінен шығып, 
тұлға қайда ұмтылады?» – деген сұрақ туады. Экзистенциализмнің 
діни нұсқасы (К.Ясперс, Г.Марсель) трансценденттікті Құдаймен 
теңдестіреді. Демек, тұлға шынайы еркіндікті Құдайдан тауып, Оны-
мен бірігуге ұмтылады. Белгілі орыс экзистенциалисі 
н.а.бердяевтің


278
ойы бойынша, адам – табиғи әлемдегі «әлдебір үйлесімсіздік», тәні 
мен рухы бар, қарама-қайшылықтардан өрілген тіршілік иесі. Сол 
себепті оны қажеттілікпен түсіну үшін, одан жоғары тұрған тіршілік 
иесінің – Құдайдың болуы талап етіледі. Алайда бұл адам Құдайға 
біржақты тәуелді дегенді білдірмейді. Философия адамның құдайшыл 
және Құдайдың адамшыл екенін көрсетуге тиіс, өйткені Иса Мәсіх 
(Христос) адам ретінде туды. Құдай – ол рух. Демек, рухани қарым-
қатынаста ғана адамдар осы дүниедегі өз болмысының мағынасын аша 
алады. Діни экзистенциализмнің адамгершілік сипаты да осында. 
Экзистенциализмнің атеистік нұсқасы (Ж.П.Сартр, А.Камю) тран-
ценденциализмді 
ештеңе емеспен
теңдестіріп, оны (ештеңе еместі) 
адамның терең құпия экзистенциясы санайды. Сөйтіп, экзистенция 
өз аясында шектелген, уақытша адами өмір сүретін ештеңе емеске 
ұмтылу болып шықты.
Еуропалық өркениет дағдарысы XX ғасырда ақыл-парасатқа 
және рухани-адамгершілік құндылықтарға сенімсіздік тудырады. 
Экзистенциализмнің өтпелі ойы: ақыл-ой негізінде ғылыми-техника-
лық өркендеу ары қарай дамуы шамасына қарай адам өмірін нашар-
латып, болмысын орнықсыздыққа келтіреді. Қатыгездік, зорлық-
зомбылық ілесе жүрген қоғамның ары қарай қиындай беруі адамнан 
өз болмысын ұғынуды, ішкі жан дүниесіне терең талдау жасауды та-
лап етеді. Бұл оқшауланған әлемге адам өзінің рухани табандылығын 
қарсы қоя алады. Егер осылай болса, онда қазіргі заман адамы үшін 
ең маңыздысы табиғат немесе таным философиясы емес, – адамның 
тіршілік етуі философиясы. Адам заттардың ішіндегі зат емес, ол зат-
тай байлыққа жетудің де, танымның да құралы емес, ол – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет