альбер камю (1913-1960) кемеліне
келмегендік, өлім-жітім, мағынасыздық жайлаған
«сандырақ дүние» деп бағалады. А.Камю адамдарды бірігуге және осы мағынасыз
сандырақ өмірге қарсы күресуге үндейді. Алайда торығу басым бұндай
үндеу әлемді ақыл-парасатпен құруға келтіре қояр ма екен. Оны Камю
жақсы түсінді. Мән-мағынасы жоқ өмірден батыл қол үзудің амалын ол
өзін-өзі өлтіруден көрді. Ол көлік апатынан қайтыс болды.
Діни экзистенциалист
габриэль Оноре марсель (1889-1973) – фи-
лософ, драматург, соның атымен Франциядағы экзистенциализмнің
пайда болуы байланыстырылатын театр және музыка сыншы-
сы – А.Камюдің қателігін оның шынайы болмысты заттар болмы-
сымен байланыстырғанынан көрді. Шындығында,
шынайы бол - мыс – ол қашанда
жеке тұлғаның болмысы . Болмыс – «бұл емес»,
«сенсің», сондықтан адамдардың бір-бірлеріне қатысты өзара қарым-
қатынастарының ашық, бүкпесіз түр-тұрпаты – адамдардың шынайы
болмысының алғышарты. Ал ол
сүйіспеншілік арқылы ғана мүмкін
болады.
Г.Марсельдің бұл идеяларын еврейлердің діни философы