ганс георг гадамер (1900-2002) жасаған.
Ол 1960 жылы классикалық шығармаға айналған «Шындық және
әдіс» атты еңбегін жарыққа шығарды. Оның пайымдауынша, герменев-
тика – ол түсіну құралы ғана емес, сонымен қатар болмыстың негізін
айқындауға және көрсетуге ұмтылу, өйткені түсіну таным үдерісінің
бір қырын құрап қана қоймайды, сондай-ақ адам болмысының тәсілі
де болып табылады. Ол В.Дильтейдің бір немесе басқа дәуірдің руха-
ни ахуалына ену қажеттігі туралы идеясына қарсы шығады, өйткені
оны мүмкін емес деп санайды. Біз қанша тырыссақ та, мысалы, Пла-
тон мен Аристотельдің дәуіріне кері орала алмаймыз және дүниені
олар қабылдағандай қабылдай алмаймыз. Біз – басқамыз. Сондықтан
әртүрлі уақыттағы әр алуан мәселелердің шешімдерін салыстыру ту-
ралы ғана сөз ете аламыз. Негізгі мақсат – өткен оқиғаны