270
өнері (мысалы, протестанттық теолог Уильям Баркли Інжіл мәтіндері
түсіндірмелерінің 15 томын жазды). Мұсылман діндарларында Құран
мен хадистердің мәтіндерін түсіндіру – 300-ден астам том құраған.
Ерекше пән –
түсіндірме (интерпретация) әдістері туралы ілім
ретінде – герменевтика XVII ғасырдың ортасынан басталды деуге бо-
лады. Оның алғашқы құжаты деп Даннхаузердің әдейі герменевтикаға
арналған трактатын (1654) санау қабылданған.
Алайда XIX ғасыр басталғанға дейін герменевтика мәселесі ерек-
ше пән саласы ретінде ажыратылмады, соған байланысты герменев-
тика басқа пәндердің (бәрінен бұрын теология мен филологияның) бір
бөлігі болып қалып, көбінесе ғылыми-зерттеу мақсаттарында емес,
дидактикалық мақсатта пайдаланылатын болды.
Герменевтиканы ғылым ретінде негіздеу – неміс философы және
протестант теолог
Достарыңызбен бөлісу: