330
не екені туралы біз ештеңе білмейміз. «Ойша нақтылықты» танып білу
барысындағы жетістіктеріміз заттың ішкі логикасын түсінуге анық
көмектеседі. Бірақ ол жолдың өзі – өзгеше күрделі және қиын жол.
«Ойша нақтылықты» түсіну үшін, «сезімдік нақтылықтан» жал-
пы түсініктерге өту керек. Ол үшін, жоғарыда көрсетілген әртүрлі
әдістерді пайдалана отырып, жеке алғанда белгілі бір топ заттарының
тектік қасиеттерін білдіретін әртүрлі әдістер құру қажет. Нәтижесінде,
бір немесе басқа ғылымның санаттық (ұғымдық)
жиынтығы
қалыптасады. Алайда оның негізгі кемшілігі дерексіздікте жатыр. Мы-
салы, қазіргі заманғы саясаттануда
демократияның абстракциялық
теориясы бар. Ал егер біз оны нақтыласақ, онда әлемнің әр елдерінде
демократияның түрліше
көрінісін табамыз,
өйткені әр елдің
көпжылдық
өзіндік даму жолы, шаруашылық жүргізу
тәжірибесі
және қоғамдық өмірді ұйымдастыру әдісі бар.
Сондықтан, мысалы,
қазақстандық демократияның «ойша нақтылық» үлгісін жасау үшін,
қазіргі заман саясаттануының санаттық
жиынтығын пайдалана оты-
рып, оның елімізде көрініс беруінің формасын айқындауға тиіспіз.
Бұл жағдайда біз «ойша нақтылыққа» өрлеуді жүзеге асырамыз. Сон-
да қоғамымыздың демократия жолындағы
қозғалысының өзгешелігі
бізге түсінікті болмақ. Бұл айтылғанды ғылымның басқа саласына да
көшіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: