толық және
толық емес деп бөлінеді. Толық
формализация кезінде теорияның барлық құрылымдық бөлшектері
тұжырымдық – дедуктивтік талдауға жатқызылады. Толық емес
формализацияда теорияның тілі мен логикасы тек ішінара талдауға
жатады.
Ғылыми түсініктерді нақтылай отырып, формализация ғылымның
санаттық жиынтығына сай болатын ғылыми тілдердің құрылуына
жеткізеді. Бұл өте маңызды, өйткені кейде ғалымдар арасындағы
жете түсінбеушіліктер кейбір ұғымдардың айқын еместігі, екіжақты
мағыналылығы себепті туып жатады.
Алайда бұл жерде формализацияның өз шектері болатынын атап
өткен жөн. Позитивистер құсап, ғылым философиясының барлық
мәселелерін ғылым тілін талдауға жатқыза салуға болмайды. Аса та-
нымал математиктер – Черч, Гедель, Тарский және басқаларының
еңбектері математиканы таза формальды түрде негіздеудің мүмкін
еместігін көрсетті. Сондықтан формализация ғылым тіліне мазмұнды
талдау жасау арқылы толығуға тиіс.
Ал енді кейде