таным әдістемесі деп аталатын
жалпыға ортақ әдістерді қарастырайық. Жалпыға ортақ әдістердің өзгешелігін
төмендегілерден көреміз:
а) олар ғылыми танымның
барлық салаларында қолданылады;
ә) олар зерттеудің
басынан аяғына дейін танымға ілесе жүреді.
Ғылымда жан-жақты әдістемелік тұжырымдамалардың болуы
бұл
әлемнің тұтастығымен түсіндіріледі. Жанды және жансыз
табиғат, қоғам, ойлау үдерістері – барлығы да дамудың жалпыға ортақ
заңдарына бағынады. Жоғарыда аталғандар тұрғысынан алғанда, та-
ным тарихында екі тәсіл, естеріңізде болса,
диалектика және
метафи - зика деп аталған тәсілдер пайда болды.
Диалектикалық тәсіл зерттеуде төмендегілерді қажет етеді:
а) бәрінен бұрын, зерттеліп жатқан нысанның
өз қозғалысы мен
кез келген
өзгерісінің бастауы болып табылатын ішкі қайшылықтарын
табу. Ол үшін ойлау санаттары да бір-бірімен өзара байланысты, со-
нымен бірге