өзгерістерге ұшырамайды
деп
санап, адамның ақыл-парасатының күшіне сендіреді.
Алайда уақыт өте келе, ғылымның дамуына байланысты бұрынғы
теориялық жүйелер мен тұжырымдамалар өзгере бастағанда, ғылымда
шынайы шындықтардың жоқтығы, адамзаттың табиғат құпияларына
ары қарай тереңдеп енуіне қарай олардың
түрлерінің өзгеретіні
тура-
лы көзқарастар пайда болды (П.Дюгем (Дюэм)).
Ғылыми революцияларды жақтаушылар (Т.Кун, К.Поппер)
әлемнің
ғылыми бейнесі
туралы көзқарастарымызды, пікірлерімізді ары қарай
дамыта отырып, ғылымдағы әрбір кенет өрлеудің оларды
түбегейлі
өзгертетініне
сендірді.
Т.Кунның пікірінше, ғылымның қалыпты дамуы кезеңдерінде
қалыптасқан қағидаларға, зерттеу үлгілеріне сүйене отырып, ғалымдар
бір немесе басқа жаңалықтарды осыған дейін болған сол жалпы
көзқарастар шектерінде ашады. Алайда бір уақыттардан кейін ғылымда
ашылған жаңа фактілерді ескі үлгілердің шектерінде түсіндіру мүмкін
болмай қалады. Ғалымдардың ақыл-ойларында тоқырау, абдырау орын
алып, енді олар ескі үлгілердің түрін өзгертуге немесе жаңаларын,
яғни солардың шектерінде жаңа құбылыстарды қанағаттанарлық
түсіндіру мүмкін болатын жаңа түрлерін құруға әрекет жасайды.
Ғылым дамуындағы бұл кезеңді Т.Кун
Достарыңызбен бөлісу: |