361
болмайтын, бірақ барлық жерде көзге көрінбей өмір сүретін, дүниені
билейтін Аспан заңдары. Оларды танып білу мүмкін емес. Ол –
ДаО
заңдары.
Әдебиетте негізі бойынша
еуроцентристік
болып табылатын, яғни
әлемнің бастапқы бейнелері Батыс топырағында, нақты айтқанда,
антикалық Грекияда пайда болған дейтін ұстанымның расталатынын
өкінішпен айтуға тура келеді. Алайда ондай көзқарас, біздің сеніміміз
бойынша, негізсіз болып табылады. Уәж келтіріп көрейік. Мысалы,
«Пифагор алғаш рет қолданысқа «космос» (ғарыш) ұғымын енгізді
және оның құрылымы сандардың арақатынасы арқылы айқындалады
деп санады», – дейтін тұжырым айтылады (қараңыз: С.А.Лебедев.
Философия науки. – М.: Академический проект, 2006. – 581-бет).
Достарыңызбен бөлісу: