өз-өзіңді жеңу . Ол үшін
төмендегі қағидаларды бұлжытпай орындау керек:
–
сатья – қаншалықты қиын болса да, әрқашан шындықты айту.
–
апариграха –материалдық игіліктерге немқұрайдылық, яғни
оған құштар болмау, пайдакүнемдікті ойламау.
–
ахимса – ешбір жаны бар тіршілік иесіне зиян келтірмеу
(зорлық-зомбылық көрсетпеу).
Еске сала кетейік: XX ғасырда Махатма Ганди нақ осы зорлық-
зомбылық көрсетпеу қағидасына (ахимсаға) сүйене отырып, үнді
халқын бостандыққа жеткізді.
ә)
бұдда діні. Бұл – әлемдік дін деңгейіне көтерілген философиялық
ілім. Негізін салушы – Гаутама Сидхартха (б.з.д. 563-483 жж.). Елу
жасқа жеткенге дейін шындық іздеп, «Бұдда» (көзі ашық, дана) ата-
нып, өз мектебін құрған.