ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет54/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

бұддашылықтың негізгі қағидалары:
Барлығы да – 
азап, күйзеліс
(азаптанып дүниеге келу және азаппен 
өлу, ата-анадан, достардан, сүйіктіңнен айырылу, орындалмаған тілек-
ниеттердің азабы және т.б.).
Күйзелістердің 
себептері өмірге құштарлықта, ләззат
алуда
жатыр.
Күйзелістерден 
құтылуға
болады.
Олардан құтылудың 
сегіздік жолы
бар:
1. 
Дұрыс ойлау.
Егер адам: «Ол мені қорлады, ұрып-соқты, жеңді, 
тонады», – деп ойласа, онда оның мазасы кетіп, бойын кек кернейді.
2. 
Дұрыс сөйлеу. 
Ауыздан шығатын сөз – шын және айнала-
дағыларға жағымды болуға тиіс, балағат сөздер қоршаған ортаны лас-
тайды.


40
3. 
Дұрыс іс-әрекеттер
, яғни шындық үшін ерлік жасауға дайын 
болу.
4. 
Дұрыс өмір салты
, демек, бейбіт, адал, таза өмір сүру.
5. 
Дұрыс ниет-пиғыл
, яғни жамандық жасамау.
6. 
Дұрыс күш салу
, яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеуі және өз-өзін 
ұстауы.
7. 
Дұрыс көңіл бөлу (түсіну)
, демек, сананың белсенді қырағы-
лығы.
8. 
Ойды дұрыс жинақтау
, яғни медитацияның дұрыс әдістері.
Бұддашылық сегізінші тармаққа ерекше назар аударады: меди-
тация адамды толық тыныштық жағдайына, яғни ол 
нирвананың
(жұмақтың) «тынық тұңғиығына» батқан кезде, оған ешқандай «заң 
жүрмейтін» күйге жеткізетіндей болуға тиіс. Әлбетте, оны тақуа-
монахтар ғана орындай алады Ал жай адамдар туралы айтсақ, олар 
үшін 
«панча Шила»
(«Бес Өсиет») қағидаларының ізімен жүру 
жеткілікті. Олар:
1. Адам өлтіруші болма.
2. Ұрлық істеуден тартын.
3. Теріс жолға түсуден сақтан.
4. Өтірік айтпа.
5. Елірткіш сусындардан бойыңды аулақ ұста.
Бұддашылықты зерттеушілер арасындағы беделділердің бірі Клайв 
Эррикер осыған орай: «Бұл жерде барлық осы санаттардың бір-бірімен 
тығыз байланыстылығын түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде 
адамдар сегіз басқыштан тұратын баспалдақпен теңестіреді де, адам 
басқыштан-басқышқа көтеріле отырып дамитындай әсер қалдырады. 
Бұл – жаңсақтық. Бұдда іс жүзінде бұл санаттардың әрқайсысын 
(ғылыми көзқарастардың әрқайсысын да) басқалармен бірлікте 
меңгергенде ғана жетістікке жетуге болатынын атап көрсет-кен», – деп 
жазды (Эррикер К. Буддизм. – М., 1986. – 97-бет).
б) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет