ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет541/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

кванттар, бөлшектер
болса, екінші 
жағынан, 
толқындар
екен. Бұны сол заманғы физиканың ұлы жетіс-
тіктерінің бірі деп санауға болады.
Француз физигі Луи де Броль жоғарыда аталған идеяларды қолдап, 
сәулелер мен жай бөлшектер ғана емес, сонымен қатар, тұтастай 
алғанда, Ғаламның барлық денелерінің корпускулярлық табиғаты бо-
латыны туралы қорытынды жасады. Әдебиетте ол 
корпускулярлық-
толқындық дуализм
деп аталады. 
Бір нәрсе айқын болды: әлемнің 
механистік
бейнесі арқылы 
микроәлемде
болып жататын үдерістерді сипаттау 
мүмкін емес
.
Корпускулярлық-толқындық дуализм тұжырымдамасын ары қарай 
тереңдете түскен В.Гейзенберг 
(белгісіздік арақатынасы)
және Н.Бор 
(қосымшалық қағидасы)
болды.
В.Гейзенберг мынадай қорытындыға келеді: егер біз кез келген жай 
бөлшектердің қозғалысын зерттемек болсақ, онда біз оны механиканың 
айқын (классикалық) заңдары негізінде жүзеге асыра алмаймыз. Меха-
ника заңдарына сәйкес, егер біз дененің координаттары мен импульсін 
білсек, онда біз келесі мезетте болатын болжалды орны мен уақытын 
шамамен айта аламыз. Бірақ жай бөлшектің координаты мен импульсін 
бір мезгілде анықтай қойғымыз келсе, онда шешімі жоқ мәселеге тап 
боламыз. 
Егер біз жай бөлшектің координатын анықтасақ, онда оның 
импульсі белгісіз болып қалады, ал егер импульсті анықтасақ, онда ко-
ординатты жоғалтамыз.
В.Гейзербергтің ойынша, бір мезгілде жай 
бөлшектің координаттарын да, импульсін де анықтау мүмкін емес. 


369
Тәжірибе жасау барысында жай бөлшектің орны анықталса, сол бойда 
оның қозғалысы бұзылады да, ол ғайып болады.
Механика заңдары тұрғысынан алғанда, бұл жағдай ақылға 
қонымсыз болып көрінеді. Бірақ бұл жерде мына жағдай ескерілмеген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет