ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет549/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

10/-12
дәрежесін құраған.
бұл – 
миға сыймайтын қысым, сонымен бірге ең кішкентай мөлшер. 
Ол басқаша, материяның түрілген, 
сингулярлық
күйі деп аталады, 
өйткені оның көлемі 
электроннан
үлкен болған жоқ. Сөйтіп, бүгінгі 
күні біз: «Әлем ештеңе еместен (немесе тұлдырдан) жаралған!» – 
деп айта аламыз. Жарылыстан кейін секундтың 
жүзден бір бөлігі 
ішінде температура Кельвин бойынша 100000 млн. градусқа жетті. Он-
дай температурада атомдар мен молекулалар өмір сүре алмайды. Әлем 
жай бөлшектер (электрон, позитрон, нейтрино және т.с.с.) түрінде өмір 
сүрді, ал олардың тығыздығы, судың тығыздығымен салыстырғанда, 
4000 млн. есе артық болды.
Үшінші минуттың соңына қарай, жарылыс температурасының 1 
млрд. градусқа дейін сууы шамасы бойынша сутегі мен гелий ядросы 
пайда болады. Бірнеше жүз мың жыл өткен соң ғана жоғарыда аталған 
элементтердің атомдары дүниеге келеді де, бір-бірімен қосылып, 
плазма құрайды. Ғарыштың ары қарай сууы шамасына қарай басқа 
химиялық элементтердің атомдары пайда бола бастайды.
Материяны біртіндеп күрделендірудің жоғарыдағы сипаттамасының 
негізінде, Дж.Джонс бойынша, бүкіләлемдік тартылыстың орнықсыз 
сипаты жатыр. Сол себепті, әлемдік тартылысқа сәйкес, материя 


373
кеңістікте бірдей тығыздыққа жете алмайды. Бастапқы плазма өзінің 
қоюлану шамасына қарай, жеке-жеке құрамдас бөлшектерге бөліне 
отырып, әрқайсысының ішінде протожұлдыздар (содан жұлдыз жаса-
латын дене, яғни жұлдыздың алдындағы дене), олардың планеталық 
жүйелері бар болашақ галактикалардың және т.б. негізін құрайды.
Қалай болғанда да, «Бастапқы жарылыстың себебі неде?» деген 
бір қасиетті сұраққа ғалымдар, ақыры, жауап таба алмай отыр. Ша-
масы, оған адамзат ешқашанда оң жауап ала алмас. Идеалистік бағыт 
ұстанған философтар өз ақылдарымен 
Құдайдың Ғаламды тұлдырдан 
жаратқанын
түсінген-міс теоретик-физиктерге алғысын білдіреді.
Материалистік бағыттағы философтар вакуумдағы 
бастапқы 
геннің 
орасан зор қысымға шыдамай, 
жарылғанына
сенуге құлықты.
Осы параграфта талқылануға тиіс соңғы мәселе – ол 
бейберекеттік
(хаос) пен 
тәртіптің
өзара байланысын, дамудың күрделенуінің, 
қалыптасуының жаңа үлгісін көрсету. Бұл кітапта біз айқын – 
классикалық механиканың термодинамиканың екінші бастауы – 
энтропияның заңдарына 
жауап таба алмағанын талқылағанбыз. Әлемге 
механистік көзқарас тұрғысынан алғанда, бейберекеттік – болмауға 
тиіс құбылыс, бұл әлем детерминизм ұстанымына негізделген, бұл 
жерде кез келген кездейсоқтыққа жол жоқ.
Айқын ғылымда ашылған заңдар өздерінің нақтылығымен 
ерекшеленеді. Егер бізге әлдебір заттың шығу тегі және даму 
кезеңдері белгілі болса, онда оның келесі ахуалын, жай-күйінің негізгі 
сәттерін болжау қиын емес. Ол дамудағы 
бірбағыттылық
деп ата-
лады. Алайда XX ғасырдың ғылыми жетістіктері ондай көзқарасты 
теріске шығарады. Қазіргі заманғы ғылымда, керісінше, әлемнің 
ғылыми бейнесін қалыптастыруда бірте-бірте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет