375
1.
Ғылым аясында шексіз білімге және шындыққа жету мүмкін
емес.
2.
Классикалық детерминизм ұстанымының маңызы теріске
шығарылады.
3.
Кез келген үдерістер мен құбылыстар әлдебір бастапқы
қарадүрсін негіздемелерге келтіруге әрекеттенген кезде, редукцио-
низм қағидасы терістеледі.
4.
Дамуда нысанның пайда болуының бастапқы кезеңін, қазір оның
не болып табылатынын біле отырып, оның соңын болжауға болатын
бірбағдарлық теріске шығарылады
.
5.
Адамзат жинақтаған барлық білімдердің апостериорлық,
тәжірибелік сипаты терістеледі
.
Сонымен, әлемнің синергетикалық бейнесі төмендегідей көрінеді:
1.
Болмыс, әлем барлық уақытта қалыптасу, қозғалу, өзгеру және
даму үдерістерінде болады.
2.
Кез келген жүйе қоршаған ортамен зат, энергия және ақпарат
арқылы алмаса отырып, өз-өзін ұйымдастыру арқылы өзінің ары
қарай күрделенуіне бет алады
.
3.
Болашақ әлемнің қазіргі ахуалына ықпал етеді.
4.
Кездейсоқтықтардың жүйе бифуркациясы аймағындағы
маңызды рөлі
.
5.
Бүтіндік (фрактальдық) қағидасы, яғни жүйенің қалыптасуында
оның элементтері емес, бүтіндігі шешуші рөл атқарады
.
6.
Қосымшалық қағидасы: жүйенің ары қарай дамуының бірнеше
үлгісі болуы керек
.
Бағыттық емес даму
тұжырымдамасы жаратылыстанушылық-
ғылыми білімдер аясында пайда болып, әлемнің жаңа бейнесінің
қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Әсіресе оның әлеуметтік-
гуманитарлық үдерістерді танып білудегі рөлі ерекше бағалы, өйткені
қоғамдық өмір өз-өздерін қалыптастыратын құрылысы күрделі
жүйелердің жоғарғы формасына жатады. Бұл сенім ұялатады, яғни
әлемнің жаңа бейнесінің әдістемелік қағидаларына сүйеніп, қазіргі
заманның көптеген ғаламдық мәселелерін шешуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: