377
өзгертпейтін және осы түрінде дененің
бір құрамынан екіншісіне
өтетін қарапайым заттек түсініледі. Химия ғылымының тарихында ең
алдымен осыған назар аударған Р.Бойль болды.
Оттегін ашу, бұл химиялық элементтің су қышқылдарының
құрамына кіретінін дәлелдеу және флогистонның (ерекше
жанғыш
материя) бар екенін теріске шығару – А.Л.Лавуазьенің еңбегі. Егер
Д.И.Менделеевтің заманында – 62, XX ғасырдың 30 жылдарына қа-
рай 92 химиялық элемент ашылса, осы уақытта олардың саны
110
-ға
жуықтады.
Ғалымдар күрделі химиялық қосылыстарды
жай элементтерден
ажыратуды әлдеқашан білген. Алайда тек XX ғасырда ғана химиялық
қосылыстардың мәні олардың физикалық табиғатында болатын теория-
сы құрылды. Элементтердің ішкі күшіне байланысты,
атомдар біріге
отырып, молекулаларды – біртұтас кванттық-механикалық жүйені
құрайды. Химиялық байланыс валенттік электрондардың толқын
күшіне бола орнайды. Соның нәтижесінде молекулалар пайда болады.
Молекулалар деп
заттектің өздігінен жетілген, аса ұсақ,
сол зат-
тектің негізгі қасиеттерін құрайтын бөлшектерді түсіну керек. Химия-
лық байланыстардың физикалық табиғаты айқындалғаннан кейін,
химиялық қосылыстардың табиғатын ашу мүмкін болады. Бұл –
бірнеше
элементтен тұратын, өзіне тән сапалары мен қасиеттері бар,
атомдары бір-бірлерімен өзара әрекеттесіп, осы қосылыстың молекула-
ларын құрайтын заттек.
Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы XX ғасырда жаңа химиялық
элементтерді пайдалану қажеттігін туғызды. Жер бетінде бар барлық
элементтердің ішінен
98,6%
-ын сегіз химиялық элемент құрайтын бо-
лып шықты. Олар
Достарыңызбен бөлісу: