ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет551/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

кездейсоқ оқиға
немесе қайсыбір 
адамның
іс-әрекеті үлкен әлеуметтік өзгеріске немесе күйзеліске 
соқтыруы мүмкін;
д) 
когеренттік
– құрылысы күрделі жүйелердің ары қарай дамуы 
барысында олардың өзара байланыстылығы, келісушілігі.
Енді жоғарыда аталған және басқа санаттарға сүйене отырып, 
әлемнің бағдарсыз бейнесінің негізгі белгілерін сипаттауға болады:
1. 
Эволюциялық үдерістердің қайталанбастығы. Уақыт векторын 
кері бұруға болмайды
.
2. 
Құрылысы күрделі жүйелер бифуркация нүктесіне жеткенде
кез келген кездейсоқтық, флуктуация оның ары қарай дамуы векто-
рын күрт өзгертуі мүмкін
.
3. 
Бифуркация кезінде жүйе құрылымдық және жүйелік 
өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірінші жағдайда жүйе өз құрылымына 
өзгерістер енгізе отырып, өзінің орнықтылығын сақтап қала алады. 
Ал екінші жағдайда ескі құрылым толықтай өзгереді де, жүйенің 
жаңа сапасы пайда болады
.
4. 
Болашақты жаңаша түсіну. Жүйенің бифуркация нүктесінде 
оның ары қарай өзгеруінің виртуалдық (нақты емес) үлгілері пайда 
болады. Ұсынылатын үлгілердің қайсысы жеңетіні және жүйенің ары 
қарай дамуы векторын белгілейтіні туралы мәселені көп жағдайда 
«Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық» айқындайды. Олай болса


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет