4.4. антроптық қағида. биосаладан ноосалаға көшу мәселелері Өзгеше күрделі құбылыс ретінде өмірдің қоршаған ортаға тигізетін
ықпал-әсері көп. Соның нәтижесінде жердің беті өзгерді және біздің
планетамыз ғарышта өте әдемі, көгілдір денеге айналды. Жер бетіндегі
өмір жансыз материямен өзара әрекетке түсіп, өне бойы өзгерісте және
дамуда болатын тұтас жүйені құрды.
Тарихи тұрғыда өмірдің өзгеруі тірі тіршіліктің формалары арасын-
да
айырмашылықтардың артуына, олардың өзара байланыстарының
күрделенуіне келтіреді. Қоршаған ортаға бейімделе, онымен заттек-
тер, энергия және ақпараттар алмаса отырып, өмір
биогеоценоздар (экожүйелер) туғызады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның экожүйесінің
Солтүстік Қазақстан экожүйесінен айтарлықтай айырмашылығы
бар. Биогеоценоздар өсімдіктермен қоректенетін жануарлардан бас-
387
тап, тамақтың қорытылуына қатысатын микроорганизмдерге дейін,
биосаланың кіші үлгілері болып табылады.
Біріге отырып, әртүрлі биогеоценоздар