уақыттың үздіксіздігін және қозғалыстың бастаусыздығын жорамалдайды.
Демокриттің ойынша, әлем (дүние) алдымен бейберекет қозғалып
жүретін атомдар түрінде (күн сәулелерінде жылтылдап көрінетін
тозаң сияқты) болады. Содан кейін соқтығысу арқылы ауыр атомдар
жеңіл атомдардан бөліне береді. Нәтижесінде, табиғаттың әртүрлі
денелері пайда бола бастайды. Ең кішкентай және дөңгелек атом-
дар отты құраса, ал қалғандары текше түрінде болады, олардың
ең кішкентайлары – ауаны, орташалары – суды, үлкендері жерді
құрайды... Сөйтіп, демокриттік ілімде құдайлар да, рухтар да жоқ, ол
барлығын да механика жолымен түсіндірмек болды.
Адам және таным туралы ілімде Демокрит адамның жанын
мойындаған. Бірақ оның ойынша, адам жаны дөңгелек жеңіл және
жылдам қозғалатын элементтерден тұрады. Егер осылай болса, онда
адам өлгеннен кейін оның жаны да жойылады – атомдар бір-бірінен
ажырап, жан-жаққа тарайды. Танымға қатысты Демокрит заттардың
бетін құрайтын жеңіл атомдар буланған сияқты болып, жанның атом-
дарына әсер етеді, нәтижесінде, біздің жанымызда заттардың бейнесі
пайда болады деп санаған.
Қоғамның әлеуметтік-саяси өмірі саласында Демокрит демокра-
тияны жақтады. Оның мығым болуы үшін, адамдарды тәрбиелеу ке-
рек. Табиғаты бойынша адам рақат алуға және күйзелістерден аулақ
болуға ұмтылады. Алайда Демокрит рақатты өлшемді табу арқылы
анықтайды. Адам үшін ең жақсысы –
эутемия – қорқынышты да, зи-
янды құмарлық дегендерді де білмей, жақсы көңіл күйін сақтап жүру.
Сонда ғана даналыққа – адамның өмір сүруінің ең жоғарғы мақсатына
жетуге болады.
Демокриттің атомдық теориясын материалистік бағыттағы ой-
шылдар жылы қабылдап, ол теория