ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет118/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы
123, Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б, pr excel 1, Задачи на измерение количества информации, СБОРНИК ТЕСТОВ АНГЛИЙКИЙ ЯЗЫК АҒЫЛШЫН ТІЛІ, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 900 тест воп
Құдай – шынайы болмыс, 
ал
 әлем – 
болмысқа қатыстыны 
иеленуші. Құдайда ғана болмыс пен мән бір-
біріне сай келіп, олардың кемеліне келгендігін көрсетеді. Дүниеде 
бар заттарға келсек, олар кемеліне келмеген, олардың өмір сүруі және 
мәні ешқашан бір-бірлеріне толық сай келмейді. Олардың бұл дүниеге 
келуі де, келмеуі де мүмкін. Олай болса, бұл әлем 
мүмкіндіктер
мен 
кездейсоқтықтар
нәтижесінде пайда болған деп айта аламыз.
Ал, шындығында, схоластика данагөйінің көріпкелдігі туралы 
бірлесе, жақсылап ойланып көрейікші. Біз бұл дүниеге қалай келдік? 
Темірдей қатаң қажеттілік болғандықтан ба? Жоқ, әрине. Егер біздің 
ата-аналарымыз кездейсоқ кездеспесе және бір-бірлерін сүйіп қалмаса, 
бұл кітапты басқа студенттер қолдарына ұстар ма еді? Әлбетте, 
кітаптың да басқа болуы мүмкін ғой. Сөйтіп, біздің бұл дүниеге 
келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біз осы дүниеге келдік 
және баға жетпес сый – өмірге ие болдық. Біздің осы әлемнің шексіз 
сұлулығын көретін және солардың рақатына бататын мүмкіндігіміз 
бар, біз ішкі мүмкіндіктерімізді ашып көрсетуге және іске асыруға 
ұмтыламыз. Бұдан асқан бағалы не бар? Біздің күнделікті күйбеңіміз, 
бірдеңелердің жетіспеуі бірегей болмыс аясында тым күлкілі көрінеді.
Қазіргі заманғы ғылым да ойшылдың даналық көріпкелдігін рас-
тайды. Қазіргі заман көзқарасы тұрғысынан алғанда, Әлемнің ора-
сан үлкен мүмкіндіктері (әлеуеті) бар, ал олардың азғантай үлесі 
ғана болмыста кездейсоқ өзекті болып шығады. Әлеует – өзектіліктің 
толқыны, ал қандай толқынның болмыс жағалауына келіп ұратыны 
кездейсоқтықтарға байланысты.
Алайда Ф.Аквинскийге оралайық.
Адам сана мен ақыл-ой иесі болғандықтан, ол заттардың мән-
мағынасын, олардың не үшін пайдаланылатынын танып біле алады. 


81
Сондықтан адам әрекет етпес бұрын, не істейтінін түсінеді. Адам және 
бұл дүние жаратылғандықтан, заттар жетілудің әртүрлі сатыларында 
болады. Олай болса, адамның өзі қалайтын құндылықтарды таңдау 
мүмкіндігі бар. Ойшыл атап көрсеткендей, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет