толық
және толық
емес
қалаларды, яғни қоғамдарды
ажыратып көрсетеді. Толық қала – ол бір немесе басқа халықтың
қоғамдық ұжымдасқан өмірі болса, ал толық емес қала – ол бір неме-
се басқа ауылдың немесе қала көшесінің тұрғындарының өмірі, олар
өздігінен жетіле алмағандар. Ал толық қалаларды тағы екі:
ізгілікті
және
надан
деп екіге бөлуге болады.
Ізгілікті қаладағы негізгі мақсат – адамдардың бақытқа жетуі. Бұл
мақсат үшін олар бір-бірлеріне жәрдемдеседі. Ондай қала бір-бірімен
тығыз байланысты, бірақ әрқайсысы толығымен өз қызметін атқаратын
адамның дене мүшелерін еске түсіреді. Соған ұқсас, қала адамдары
әртүрлі болғанмен, басшыларға бағынуға және өзара бірлесе қызмет
атқара отырып, бір-бірлеріне жәрдемдесуге, толыққанды өмір сүруге
тиіс.
Надан қалада жағдай мүлдем басқаша: бұл жерде адамдар бақыт
дегеннің не екенін білмейді, сондықтан оған ұмтылмайды, оған
сенбейді. Өмір мұраты деп олар денсаулықты, байлық пен рақат-
қызыққа жетуді, еш кедергісіз құмарлықтарға берілуді, атақ-даңққа
бөленуді ойлайды. Бұл мақсат-мұраттардың әрқайсысы, олардың
пікірінше, бақытқа жеткізеді, ал егер ойлағандарының барлығы іске
асса, одан асқан бақыт жоқ.
Әл-Фараби надан қалаларды жіктеп, саралап шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: |