90
Аспан әлемдерін және, ақырында, Ай астындағы, біз өмір сүріп жатқан
әлемді тудырады. Көріп отырғанымыздай, Ибн-Синаның көзқарасы
Әл-Фарабидің болмыс туралы түсініктеріне жақын.
Ибн-Сина болмыстың «өмір сүру» және «мән» сияқты санаттары-
на айтарлықтай көңіл бөлген. Алғашқысы – нақты, ал мән – дерексіз
(абстрактілі). Мысалы, жер бетінде өмір сүретін нақты тірі адамдар,
аттар, иттер және басқалары бар. Ал олардың мәні «адамдық» және
«хайуандық» ұғымдарды құрайды – олар жалаң, дерексіз. Әлемнің
нақты денелері мен заттары бұл дүниеге келеді және уақыт өте келе –
кетеді, ал олардың мәндері қалады, өйткені олар мәңгі және кемеліне
келген.
Табиғатта бар заттар мен денелер ықтимал, болуы мүмкін бол-
мыс қана болып табылады, өйткені олардың өзіндік негіздемелері
жоқ. Олар бұл дүниеге жағдайлардың, кездейсоқтықтардың тоғысуы
нәтижесінде келеді. Негізінде, олардың пайда болмауы да мүмкін. Ал
егер қажеттіні, яғни бар болуды қарастырсақ, онда Ол бар және оның
болмыссыздығы (болмаушылығы) мүмкін емес, өйткені оның өмір
сүруінің өзіндік негіздемелері бар. Ол – Алла.
Ибн-Сина
Достарыңызбен бөлісу: