4.4. спиноза және оның түпнегіз туралы ілімі. жете ұғынылған қажеттілік іспетті азаттық бенедикт (барух) спиноза (1632-1677) – «ұлы философтардың
ішіндегі ең бір ізгілікті және тартымды адам. Парасат жағынан
кейбіреулері одан артық та болған шығар, бірақ ол адамгершілік
тұрғысынан бәрінен жоғары тұр. Бұның табиғи салдары – өмір бойы
және қайтыс болғаннан кейін де бір ғасыр оның жан шошытатын-
дай өнегесіз адам саналғаны». Бұл сөздерді айтқан екінші бір ұлы
философ – Бертран Рассел (Рассел Б. История западной философии. –
Новосибирск: НГУ, 1997. – 529-бет).
Бұл адамның адамгершілік қасиеттері неге соншалықты төмен
бағаланған?
Ол еврей отбасында дүниеге келген және иудей оқымыстылығының
білгірі саналғанмен, діндар иудей болу мүмкіндігін ойламаған. Сол
үшін оны еврейлер шіркеуден қуып, тіпті өлтірмек те болған. Бірақ оны
христиандар да бірдей жек көретін. Спиноза философиясында Құдай
идеясы үстем болғанмен, шіркеушілер оған атеист деп кінә артқан.
Оған Декарт философиясының әсері күшті болды. Сол себепті ол өз
білімін жаратылыстану ғылымдары мен математика саласында көбірек
кеңейтуге күш салады. Спиноза философиясын сипаттай келе, Гегель:
«Ол Декарт философиясын дара шындық түрінде нақтылайды», – деп
кездейсоқ айтпаса керек.