ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 б.паскальдің ғылыми жетістіктері және



Pdf көрінісі
бет226/637
Дата08.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#123698
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   637
Байланысты:
ғылым тарихы мен философиясы

4.8. б.паскальдің ғылыми жетістіктері және 
философиялық ұстанымдары
блез паскаль 
(1623-1662) – XVII ғасырдағы ұлы француз ғалымы, 
діни философ, жазушы-моралист және полемист, өзіндік «жүрек фи-
лософиясын» және философиялық антропологияны құрушы. Ол – 
еуропалық философияда өз орнын иеленген адам («философиясыз 
философ»). Өз заманының вундеркинді және ғылымның данышпаны 
болған ол туғанына он жыл толмай жатып-ақ ыдыс-аяқ сылдырын 
естіген кезде соған таңданып, «Дыбыстар туралы трактат» жазған. 13 
жасында Париж академиясына мүше болды. 17 жасында механикалық 
есептеу машинасын құрастыруды бастап, бес жылдан кейін оны 
жұмыс күйіне келтірді. Бұл қазіргі заманғы компьютерлерге тікелей 
жол ашқан арифмометр еді.
Содан кейін ол әртүрлі тәжірибелер жасай жүріп, вакуум табиғатын 
зерттеумен айналысты. Барометр бойынша әлдебір биіктіктің биіктігін 
қалай анықтауға болатынын көрсетті. Паскаль сұйықтардың қысымы 
заңын ашып, соның артынан гидравликалық пресс ойлап тапты. 
Атмосфералық ауаның жалпы салмағын мейлінше дәл есептеп шығару 
да – соның еңбегі.
Паскаль ашқан математикалық жаңалықтар (солардың ішінде 
ықтималдық теориясын да ашты) оған үлкен даңқ әкелді. Табиғат 
вакуумға төзе алмайды дейтін схоластардың тезисін теріске шығару 
үшін және вакуумды қалай жасау керектігін көрсетіп, бірқатар 
тәжірибелер жасады. Қарқынды ғылыми шығармашылық, тәжірибеге 


147
негізделген практика оның «нақтылыққа талғамын» оятты. 
«Тәжірибелер – физиканың жалғыз негіздемесі» деп санай отырып, ол 
тәжірибені жоғары бағалады, ал «абстрактілік метафизиканы» мүлдем 
қабылдамады. Сонымен бірге 1655 жылдың қаңтарында ол Пор-Рояль 
монастырына кетті, рас, монахтарша шашын алдырмады. Мүмкін, ол 
оңаша болуды қалаған шығар. Монастырьда өмір сүрген кезінде оның: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   637




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет