субъективті идеалист Дж.беркли
(1681-1753) өзінің философия-
сын: барлық тіршілік етушілер жалқы, дара заттардан тұрады, ал
жалпы – жалқылықтың жалпыланған, қорытындыланған мәні деген
ұстанымнан бастайды. Сөз жалпы идеяны емес, көптеген нақты бар
заттарды білдіреді. Осы ұстанымдарға сүйеніп, Беркли философияның
көпшілік ұғымдарының, мысалы, «материя» дегеннің қажетсіздігі ту-
ралы айтады. Дүниеде көптеген заттар: ағаштар, Ай, әйнек, машина
және т.с.с. бар. Бірақ ешкім ешқашанда материя дегенді көрген жоқ, ол
тек философтардың бітіп болмайтын айтыс-тартыстарын тудырады.
Беркли жасаған екінші бір қадам – оның адам таным барысын-
да өзінің сезім-түйсіктерінің әртүрлі қырларын ғана біле алады де-
ген мәлімдемесі болды. Шие деген не? Ол – әлдебір қызыл-қоңыр,
қышқыл да тәтті, домалақ, шырынды және тағы басқа қасиеттері
бар жеміс. Сол қасиеттерін алып тастаңызшы, одан не қалады?
Шын мәнінде, ештеңе де қалмайды. Көріп отырғанымыздай, Беркли
зерттелетін заттардың қасиеттерін өзіміздің сезімдерімізбен, қалай
сезінетінімізбен теңестіреді. Оның танымал болған:
Достарыңызбен бөлісу: |